Түркістан облысындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде 10 сәуір күні Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық спектаклінің премьерасы өтеді. Қойылым «Jana lep» ұжымы мен елімізге белгілі театр және кино актерлары Асылхан Төлепов, Ақнұр Рахат, Азат Асан, Шахмардан Алмаханның қатысуымен көрермен назарына ұсынылады. Алдағы уақытта туынды дәстүрлі қойылымдардың біріне айналмақ. Бұл туралы брифингте «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің басшысы Асқар Кенехан мәлімдеді.
«Jana lep» ұжымы жыл басталғалы бері бірқатар үлкен қойылымдарды көрермен назарына ұсынды. «Алғашқы махаббат» спектаклі де көрерменнің көңілінен шығатынына сенеміз. Қазірдің өзінде 1 000 адамға жоспарланған көрермен залының 90 пайыз билеті сатылып үлгерген»-деді кешен басшысы.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің көркемдік жетекшісі Мерей Маханов қойылымда мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, сол шақтағы бейкүнә сезімдер суреттелетінін жеткізді. Шабыт пен сезімге толы бұл туындыда Қанат атты бозбаланың ғашық жүрегіне жыр болып құйылған қызықты да құпиялы махаббаты баяндалмақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments