Жаңалықтар

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құқықтарын қорғады.

          Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен жоба Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. Алайда, кәсіпкер жергілікті әкімдікке бөтелкедегі ауыз су өндіретін зауыт салу үшін жер учаскелерін алуға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету және жобаларды Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін реттейтін қағидалар арасындағы қайшылықтарға байланысты, сондай-ақ объектіні инвестициялық деп тану туралы шешімнің қажеттілігіне  байланысты бірнеше рет бас тартуларға тап болды.

     «Ақпараттық жүйелерде қашықтықтан мониторинг арқылы материалдарды зерделеу барысында құрылыс Бірыңғай индустрияландыру картасына  енгізілгендіктен жобаны инвестициялық деп тану туралы әкімдіктің бөлек шешімі талап етілмейтіні анықталды» — деп мәлімдеді Департамент басшысы Думан Әбілев.

          Осыған байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар негізсіз деп танылып, жергілікті атқарушы органның атына Департамент пен прокуратура ден қою актілерін енгізді. Мәселе нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралды.

       Нәтижесінде, кәсіпкердің құқықтары өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру үшін ауданы 7 гектар жер учаскелерінің берілуі арқылы қалпына келтірілді.

 

Восстановлены права бизнесмена на реализацию инвестиционного проекта на сумму более 5 миллиардов тенге

 

   Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области совместно с прокуратурой Бурабайского района защищены права товарищества с ограниченной ответственностью «Минеральные источники» на реализацию проекта с суммой инвестиции свыше 5 миллиардов тенге.

          Ранее промышленный проект приказом Министра промышленности и строительства был включен в Единую карту индустриализации. Однако, предприниматель при обращении в местный акимат за получением земельных участков для строительства завода по производству питьевой бутилированной воды столкнулся с неоднократными отказами, ввиду противоречий между правилами, регулирующими порядок оказания государственной услуги и включения проектов в Единую карту индустриализации, а также по причине необходимости решения о признании объекта инвестиционным.

          «В ходе изучения материалов посредством удаленного мониторинга информационных систем установлено, что при включении строительства в Единую карту индустриализации отдельное решение акимата о признании проекта инвестиционным не требуется. В связи с этим отказы в оказании государственной услуги признаны необоснованными» — отметил руководитель Департамента Думан Абилев.

          В адрес местного исполнительного органа Департаментом и прокуратурой внесены акты реагирования, данная проблема рассмотрена на заседании Межведомственной рабочей группы по вопросам оказания государственных услуг для выработки предложений по устранению коллизий в нормативных правовых актах.

          В результате права предпринимателя восстановлены путем предоставления земельных участков площадью 7 гектаров для реализации промышленно-инновационного проекта.

Айлы түндегі сыр

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2000-НАН АСТАМ ОҚУШЫСЫ «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *