Бүгін Наурыз мейрамы Астана алаңында «Наурызнама» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік қойылымымен басталып, көптеген іс-шаралар өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мерекелік іс-шарада бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, сәбилерге ақ жол тіледі.
Астана алаңында мереке аясында мәдениетіміздің асыл қазынасына айналған киіз үйлер тігіліп, этноауыл жасақталды. Мәдениетіміздің асыл қазынасы саналатын ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды.
Мерекелік думан барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері мен Шымкент цирк әртістері таңғажайып қойылымдар көрсетіп, ұлттық спорт ойындарының сайыстары өтті.
Айта кетсек, кешкі сағат 20.00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт көпшілік назарына ұсынылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПРАЗДНОВАНИИ НАУРЫЗА
Наурыз мейрамы – один из самых значимых и ярких праздников Казахстана, и Шымкент встретил его с размахом. Праздник весеннего равноденствия и обновления природы жители мегаполиса отметили на нескольких праздничных площадках, развернутых по всему городу. Центральной, по традиции, стала площадь «Астана».
Для жителей и гостей города были организованы народные гуляния, тематические выставки, а также праздничный концерт. Горожане также могли попробовать блюда национальной кухни и принять участие в различных спортивных состязаниях.
В праздновании Наурыз мейрамы принял участие и аким города Габит Сыздыкбеков. Глава мегаполиса посетил музыкально-театрализованное представление «Наурызнама». Также он провёл обряд «тусау кесу» для юных шымкенцев. Аким города пожелал малышам и их родителям крепкого здоровья и вырасти достойными гражданами своей страны.
Вместе с тем, организация этно-аула с юртами добавила празднику атмосферу аутентичности и позволила каждому прикоснуться к культурному наследию страны.
Пресс-служба акима города Шымкент
Comments