ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ҮШІНШІ БРИФИНГ ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНА АРНАЛДЫ 

Кеше, 19 наурызда Шымкент қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек қаланың инфрақұрылымын дамытудағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баспасөз брифингін өткізді.

Қала тұрғындарының көбеюімен қатар инфрақұрылымда да маңызды мәселелер туындайтыны анық. Сәрсен Абайұлы қаланың инфрақұрылымындағы атқарылып жатқан істерге кеңінен тоқталды. Мұнан соң осының алдында өткен брифингте БАҚ өкілдері қойған сауалдарға да жауап қайтарды. Жоғарыда айтылғандай қала ұлғайған сайын көлік ағыны артып, жолдарда кептелістің орын алынуы белгілі жай. Журналистер мен блогерлер әсіресе, жұмыс пен оқуға баратын және қайтатын таңертең мен кешкі уақыттарда автобустардың кем жүретіні, кей маршруттарда қала көліктерінің жеткіліксіздігі, қаладағы ауызсу мен кәріз желілерін жаңарту мәселері жөнінде, оқушылардың білім сапасын тексеріп отырудың маңыздылығы туралы сауалдар қойды. Мен «Шымкент қаласындағы дендропаркте орналасқан бұрынғы Президент резиденциясының бос тұрғанын, оны көпшіліктің игілігіне пайдаланса, дұрыс болатынын, ал Қостанай қаласындағы осындай бос тұрған резиденцияның мүмкіндігі шектеулі балалар орталығына айналғанын» тілге тиек еттім. Бұл сұрақтың жауабы келесі жолы айтылатын болды.

Екінші, Шымкент өңдеу зауытының айналасынан үнемі шығып, сондағы жұмыс істейтіндердің тынысын тарылтып тұратын бензин буының үнемі шығып тұратынын, оның буын сіңіріп, ауаны тазартатын өсімдіктер мен гүлдер отырғызылса деген өтініш айттым. Ал үшіншісі, Еңбекші ауданына қарасты Қарабастау ауылындағы Жақсылық көшесі жарықтандырылса деген тілек білдірдім.

Негізі, бұл брифингтің бір пайдасы, кемшіліктер тиісті орындарға тез жеткізіліп, сол жерде мүмкіндігінше жауап берілуде. Берілмегендеріне келесі жолы жауап айтылады. Міне, бұл ашықтық пен жеделдіктің белгісі. Бұл қоғам үшін маңызды, ақпаратқа тез қол жеткізу халықтың мемлекеттік басқару органдарына деген сенімін нығайтады. Негізгі мақсат асығыс, негізсіз ақпарат таратудың алдын алып, қоғамға шынайы әрі дұрыс мәлімет жеткізу болса керек.

Ендеше, Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа құт-берекесімен енсін! Ақ мол, еліміз аман, бауырымыз бүтін, көңіліміз шат болғай!

Базаркүл ҚАЛБЫР

Казахстан – лидер по привлечению инвестиций в регионе

Алдыңғы

Неге кей бизнес көп клиент тартады, ал кейбірі елеусіз қалады?»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *