ЖаңалықтарРуханият

Бала – болашақтың кілті, ұлттың үміті 

Тұсаукесер – қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап келген, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрі. Бұл рәсімнің мәні тек баланың алғашқы қадамымен ғана байланысты емес, ол тұтас бір ұлттың мәдениеті мен болашаққа деген сенімінің көрінісі. Қаратал ауданында өткен Наурызнама онкүндігінің аясындағы «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні» ерекше сәтке айналды.

Өмірге алғашқы қадамдарын жасауға талпынған 50 бүлдіршіннің тұсауларын аудан әкімі Ұлан Әлдибекұлы бастаған аудан ардагерлері, өнер қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық бірлестік өкілдері, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Серікжан Бақытұлы секілді тұлғалар кесіп, періштелердің әрбірінің жолы ашық, қадамдары нық болсын деген игі тілектерін білдірді. Баласының тұсауы кесілген бұл күн әрбір ата-ананың жүрегінде ерекше орын алары сөзсіз, өйткені бала – болашақтың кілті, ұлттың Қазақ халқының ежелден келе жатқан «Көген түп» салтымен балаларға 50 қозы тарту ету – бұл да үлкен мәнге ие. Ол тек сыйлық қана емес, халықтың бай мәдениетінің, дәстүрінің айшықты белгісі. Қозы – өмірдің жаңа бастауы, жаңа үміт пен жаңа мүмкіндіктердің символы. Тұсауы кесілген әр балаға берілген қозы, болашақтың жарқын, өркендеген болатынын білдіреді.

Қаратал ауданында бұл шараның өтуі – мәдениетімізді ұлықтау, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мен өскелең ұрпаққа отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында маңызды қадам. Балаға көрсетілген қамқорлық, оған жасалған қолдау – елдің болашағының жарқын болатынына сенім ұялатады.

Қобланды АБЕНОВ

Қастерлі Бурабай баурайында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *