ЖаңалықтарҚоғам

Нәзік жанды партия белсенділері марапатталды

8 Наурыз -Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы Руслан Шоғалұлы партияның белсенді нәзік жанды өкілдерін Қаратал аудандық партия филиалына шақырып, биылғы жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанын және президенттің әр бастамасына партия толық қолдау көрсететінін атап өтіп, партияның белсенді қыз-келіншектеріне ерекше құрмет көрсетіп, оларды мерекемен құттықтап, әр саладағы үздік еңбегі мен елеулі үлесі үшін «Алғыс хат» пен гүл шоқтарын табыстады.

Руслан Шоғалұлы өз құттықтау сөзінде әйелдердің қоғамдағы орны мен маңыздылығына ерекше тоқталып:

— Әйелдер – қоғамның дамуына зор үлес қосып отырған асыл жандар. Сіздердің еңбектеріңіз бен қажыр-қайраттарыңыз біздің еліміздің болашағын құрудағы маңызды құрамдас бөлік. Бүгінгі күнгі әрқайсыңыздың еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз артымыздан ерген жастар үшін үлкен үлгі-өнеге берері сөзсіз, – деп атап өтті.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында әр салада елеулі нәтижелерге қол жеткізген әйелдердің жұмысы партия тарапынан жоғары бағаланып, еңбектері еленді. Қаратал аудандық филиалында өткен мерекелік шара барысында партия төрағасы үздік әйелдерді құттықтап, олардың өміріндегі жетістіктер мен еңбектеріне алғыс білдірді.

Бұл шара әйелдерге деген құрмет пен олардың қоғамдағы маңыздылығын тағы да бір рет көрсетуге бағытталған. «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да әйелдердің қоғам алдындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа бастамаларды қолдауды жалғастыра бермек.

Барша нәзік жанды аналар мен әйелдерге мереке қарсаңында денсаулық, бақыт және мол жетістіктер тілейміз!

Қобланды АБЕНОВ

ШЫНШЫЛ СӨЗДІҢ ШЕБЕРІ ПОЛКОВНИК САЛТАНАТ ҚАРАКӨЗОВА 

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *