Түркістан облысында қасиетті Рамазан айында бірқатар ауқымды шаралар іске асырылмақ. Биыл өңірдегі барлық аудан-қалаларда ақсақалдар арасында Бата беруден және жасөспірімдер арасында Жарамазан айтудан сайыстар ұйымдастырылмақ. Бұл жайында Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар, облыстың бас имамы Ержан Төлепов Рамазан айындағы ауыз бекіту тәртібі, пітір садақа беру және ауызашар дастарқанының ережелері жайында айтты.
«Рамазан айы 1-30 наурыз аралығында өтеді. Осы айда мешіттерде және жеке азаматтар тарапынан ауызашар рәсімі ұйымдастырылады. Осы орайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, резонанстық жағдайларға жол бермеу мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар шараларды іске асыру ұсынылуда. Мәселен, ысырапшылдыққа жол бермей, ауызашарды тойға айналдырмауды назарға алу қажет. Сондай-ақ, барлық мешіттерде оқылатын тарауық намазының кеш бітіуіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау басты назарда. Кәмелетке толмаған балалар діни ғимараттарға тек ата-аналарымен ғана баруы тиіс» — деді Ержан қажы Сматұлы.
Айта кетейік, республика бойынша жалпы 2 769 мешіт тіркелген. Оның ішінде 738-і Түркістан облысында.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments