Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында «AMANAT» партиясы қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында елдің әр өңірінде белсенді түрде өтуде.
Бүгінде экоакция Текелі қаласында жалғасын тауып М. Әуезов көшесі бойындағы жағалау аумағы, 2 балабақша мен 8 мектеп маңына қардан тазартылып, қатқан мұздар ойылды. Қоршаған ортаны қорғау және қаланың тазалығын сақтау мақсатында өткізілген шараға қалалық мәслихат депутаттары, «Шапағат» және «Кәсіпкер» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері белсене қатысты. Жалпы саны 50-ге жуық азамат бірлесіп еңбек етті. Бұл жұмыстар балалар мен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Өткен жылы «Таза бейсенбі» акциясы аясында өңір бойынша 252 000-нан астам адам қатысып, 32 ірі экологиялық шара ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде 2 350 техника жұмылдырылып, 15 000 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2025 жылдың басынан бері Текелі қаласында 8 экологиялық акция өткізіліп, 8 тонна қоқыс пен 4000-нан аса текше метр қар мен мұз жиналды.
Шара барысында Текелі қалалық мәслихатының төрағасы Бауыржан Түгелбаев сөз сөйлеп, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға және осындай игі істерге белсене қатысуға шақырды.
Экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындары үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталатын болады.
Comments