Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТТАН «SENAT OPEN»АШЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

✔️Түркістанда ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстанның шахмат федерациясының ұйымдастыруымен ірі шахмат турнирі – «Senat Open» ІІ Кубогы басталды.

✔️Осы шараны өткізу жөнінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастама көтерген болатын. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов оның идеясына қолдау білдіріп, бұл сайыс жұртшылықты қызықтыра білді.

✔️Шахмат ойынын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысты ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Қадырбек, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков және онлайн бейнеролик арқылы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.

✔️Мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен БАҚ өкілдері келесі кезеңге өту үшін бақ сынасып жатыр.

✔️Жарыс үш кезеңнен тұрады. Алдымен іріктеу кезеңі өткізіледі. Екінші кезең жартылай финал болса, үшінші кезең, яғни, республикалық финалдық турнир өтеді.

✔️Кубок мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылық арасында шахмат ойынын кеңінен таратуға, сондай-ақ аймақтар мен жергілікті өкілді органдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ ОТКРЫТЫЙ ТУРНИР ПО ШАХМАТАМ «SENAT OPEN»

✔️В Туркестане при поддержке Сената Парламента РК и Федерации шахмат Казахстана стартовал крупный шахматный турнир – II Кубок «Senat Open».

✔️Инициатива проведения данного турнира принадлежит Председателю Сената Маулену Ашимбаеву. Президент Федерации шахмат Казахстана Тимур Турлов поддержал эту идею, и соревнование вызвало большой интерес у общественности.

✔️Турнир, организованный с целью популяризации шахмат, торжественно открыли депутат Сената Парламента РК Мурат Кадырбек, заместитель акима области Ертай Алтаев, депутат областного маслихата Бекарыс Шойбеков. Также с приветственным словом в онлайн-формате выступил президент Федерации шахмат Казахстана Тимур Турлов.

✔️В соревнованиях принимают участие государственные служащие, ветераны, депутаты маслихатов, члены общественных советов и представители СМИ, соревнуясь за выход в следующий этап.

✔️Турнир состоит из трех этапов: отборочного, полуфинального и финального республиканского турнира.

✔️Кубок направлен на популяризацию шахмат среди государственных структур и широкой общественности, а также на укрепление связей между регионами и местными представительными органами.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАС ҚЫСҚЫ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ”

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *