Жаңалықтар

Әрбір кәсіпкер өз құқығын білуі маңызды

Ақпан айының 18 мен 20 аралығында Қаратал ауданының әр ауылында тұрғындарға «Мемлекеттік қолдау» шаралары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілгеғ болатын. Шараның басты мақсаты – ауыл кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер мен бағдарламаларды тиімді пайдалану туралы ақпарат беру. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерінің құқықтарының бұзылуы мен шешілмеген мәселелеріне де көңіл бөлініп, олардың оң шешілуіне ықпал ету..

Топ мүшесі Жетісу облысы Кәсіпкерлік Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры, жұмыс тобының мүшесі Төлегенов Мержан Советханұлы:

— Бұл түсіндірме жұмыстары ауыл кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен жеңілдіктер туралы ақпаратты кеңінен таратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз үшін ауыл кәсіпкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау өте маңызды. Көп жағдайда кәсіпкерлер өз құқықтары бұзылғанын немесе мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолында қиындықтарға тап болатынын біле бермейді. Сондықтан менің мақсатым – тек қана ақпарат тарату ғана емес, кәсіпкерлердің шағымдарын тыңдап, оларды шешуге бағытталған нақты әрекеттер жасау», – деді.

Мержан Советханұлының айтуынша, бұл жұмыстар кәсіпкерлердің проблемаларына назар аударып, олардың шешілуіне нақты көмектесуді көздейді. Ол ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мүмкіндік бар екенін айтады, бірақ кәсіпкерлерге дұрыс бағыт-бағдар көрсету мен олардың құқықтық мәселелеріне уақытында жауап беру өте маңызды.

— Әрбір кәсіпкердің өз құқықтарын білуі, сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктерден толықтай хабардар болуы өте маңызды. Біз кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, олардың өз бизнесін әрі қарай дамытуына жағдай жасауды мақсат еттік. Кәсіпкерлердің шағымдары мен мәселелеріне араласып, оларды тиісті мекемелермен бірге шешуге атсалысамыз», – деп тағы атап өтті Төлегенов Мержан.

Осылайша, Қаратал ауданында кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдау шараларын түсіндіру, сонымен қатар олардың құқықтарын қорғау жұмыстары жүзеге асырылып, кәсіпкерліктің өркендеуіне өз үлесін қосуға тырысатыны анық.

Қобланды АБЕНОВ

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріндегі сержанттардың командирлік жиындары өтті

Алдыңғы

Қазатомөнеркәсіп пен JUMCO уран саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *