Қорғаныс министрінің бастамасымен 2025 жылға арналған «Өмірді сақта» бағдарламасын іске асыру шеңберінде және құқық қорғау органдарымен «нүктелік төзімділік» іс-шаралар жоспарына сәйкес 10216 әскери бөлімінің жеке құрамымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара осы айда өткізілетін тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құмар ойындардың алдын алу онкүндіктері аясында өтті.
Кездесу Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімі мен қалалық полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды сақтауға және өз өмір мен денсаулықтың, сондай-ақ отбасы мен Отанның өмірдің негізгі тірегі ретіндегі маңыздылығын түсінуге шақыру болды.
Әскери қызметшілер алдында әділет майорлары Ержан Ерназаров пен Ербол Айтбаев, аға сержант Берікқали Қожайбаев, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Бибігүл Еркінбекова сөз сөйледі.
— Көбінесе адамдар өз әрекеттерінің салдарын білмей қателіктер жібереді. Құмар ойындарға тәуелділік, тұрмыстық қақтығыстар мен құқық бұзушылықтар мансап пен отбасыны бұзудың негізгі себепкері. Сіздің әрбір іс-әрекетіңіз сіздің өміріңізге әсер ететінін ұмытпау керек, — деп атап өтті әділет майоры Ербол Айтбаев.
Өз сөзінде полиция капитаны Бибігүл Еркінбекова отбасылық жанжалдар бойынша полиция жұмысындағы жаңалықтарға назар аударып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық кодекстің нормативтік-құқықтық актілері мен баптарын түсіндірді.
— Жанжалды жағдайларды уақытында тану және олардың өршуіне жол бермеу маңызды. Тұрмыста зорлық-зомбылыққа жол бермей және қайдан көмекке жүгінуге болатынын барлығымыз білуіміз керек, — деп қорытындылады полиция капитаны Бибігүл Еркінбекова.
Іс-шара әскери қызметшілерге құқық бұзушылықтардың салдарын, сондай-ақ олардың алдын алу жолдарын жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Әңгімелесу форматында өткен кездесу барысында әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың білікті жауаптарын ала алды.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Comments