ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пен төрағаның орынбасары Мұхтар Ерман Түркістан облысына іссапармен келді. Сапар барысында облыстық және Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында аумақтық сайлау комиссиясы төрағаларының сайлауға дайындық барысын пысықтап, бүгінгі күнге дейінгі атқарған жұмыстары жөнінде есебін тыңдады.
Шарада облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев облыстық комиссияның әзірлігі жөнінде есепті баяндама жасады. Кейін аудан-қалалардың аумақтық сайлау комиссиясы төрағалары өз аумақтарындағы сайлау өткізу бағытында ұйымдастырылған жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ, төраға орынбасары Мұхтар Тілдәбекұлы облыстық сайлау комиссиясының тарапынан 2024 жылы ұйымдастырылып, өткізілген сайлау жұмыстарына оң баға берді.
Кездесу барысында Нұрлан Мәжитұлы тағайындалған сайлауды заң аясында ұйымдастырып өткізуді тапсырды. Одан бөлек, сайлау учаскелерінің жабдықталуына баса назар аударуды, БАҚ өкілдерін тіркеуді, қоғамдық бірлестік өкілдерімен және жас сайлаушылармен тұрақты байланыс қалыптастыруды тапсырды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау, цифрлық құжаттармен жұмыс және сайлау күні орын алуы мүмкін түрлі жағдайлар кезінде комиссияның орындауы тиіс заңды іс-әрекеттерін түсіндіру мақсатында тәжірибелік әдістемелік сабақтарды жиі өткізуді жүктеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТУРКЕСТАН ПОСЕТИЛ ПРЕДСЕДАТЕЛЬ ЦЕНТРАЛЬНОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ РК
Председ Центральной избирательной комиссии РК Нурлан Абдиров и заместитель председателя Мухтар Ерман посетили Туркестанскую область. В ходе визита состоялась встреча с членами областной и территориальной избирательной комиссии Мактааральского, Жетысайского, Сарыагашского районов и города Кентау. На совещании председатели территориальных избирательных комиссий проработали ход подготовки к выборам и заслушали отчет о проделанной работе на сегодняшний день.
С отчетным докладом о готовности областной комиссии выступил председатель областной территориальной избирательной комиссии Ансар Усербаев. Затем председатели территориальных избирательных комиссий районов-городов доложили о проводимой работе по проведению выборов на своих территориях. Также заместитель председателя Мухтар Тилдабекович дал положительную оценку проведенной избирательной комиссии области в 2024 году.
В ходе встречи Нурлан Мажитулы поручил организовать и провести назначенные выборы в рамках закона. Также он поручил сделать акцент на оснащении избирательных участков, зарегистрировать представителей СМИ, сформировать прочные связи с представителями общественных объединений и молодыми избирателями. В целях создания благоприятных условий для граждан с инвалидностью, работы с цифровыми документами и разъяснения юридических действий, которые должна выполнять комиссия при различных обстоятельствах, которые могут произойти в день выборов, было поручено проводить частые практические методические занятия.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Comments