✔️Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді.
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында халықты тұрғын үймен қамтамсыз ету, тұрғын үй қоры мәселелері кеңінен сараланып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйі талқыланды.
🔁Аймақ басшысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді, баспана кезегіндегі заңсыздықтарға жол бермеуді қатаң ескертті.
📌– Басты мақсат – қаржы мүмкіндігіне қарай халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Аудан, қала әкімдеріне тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жаңа механизм қарастыруды, өңірлік бағдарлама аясында ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Баспана шын мұқтаж отбасыларға берілу керек. Мемлекет қаржысын тиімді жұмсау – басты міндет. Сондықтан мониторинг жұмыстарын күшейту қажет. Тиімсіз жобаларды қаржыландырмай, қаржыны тұрғындар үшін қажетті жобаларға бағыттаған жөн. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін реттеу, жөндеу жұмыстарын жүйелеңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, тұрғын үй кезегі туралы есеп берді. Оның баяндауынша, бүгінде облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 67 400-ден астам адам тұр. Одан бөлек, кезекте тұрған азаматтарға түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 17 062 адам үй кезегінен шығарылды.
✔️Өңірде қарқынды жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде, 2018-2024 жылдар аралығында үй кезегінде тұрған 7766 азамат коммуналдық тұрғын үйлермен қамтылды. Одан бөлек, 11 500-ге жуық азамат ипотекалық тұрғын үй алған. Ал, өткен жылы 1 млн 153 800 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
✔️Жергілікті әкімдіктер тарапынан тұрғын үй алуға басқа да мүмкіндіктер қарастырылған. Былтыр тұрғын үй сертификаттарына жергілікті бюджеттен 40,5 млн теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында 20 млн теңге, Отырар және Төлеби аудандарында 5 млн теңгеден, Сайрам ауданында 7,5 млн теңге, Сауранда 3 млн теңге жергілікті бюджеттен тұрғын үй алуға бөлінген. Бұл сертификат ипотекалық баспана алу үшін 10 % алғашқы жарнасын мемлекет тарапынан төлеуді көздейді.
✔️Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үйді жалдау ақысының 50 %-ын субсидиялау тетіктері енгізілген. Белгіленген шарттарға сәйкес, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар мен көпбалалы отбасылар тұрғын үй субсидиясын ала алады. Бүгінгі таңда субсидия алушылардың саны 2 407 отбасыны құрайды. Қаржыны мақсатты пайдалану бойынша жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, субсидия алушылардың деңгейі 61 %-ға төмендеді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
📌Айта кетейік, биыл жалпы көлемі 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
В ЭТОМ ГОДУ В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПЛАНИРУЕТСЯ ВВЕСТИ В ЭКСПЛУАТАЦИЮ 1 МЛН КВ. МЕТРОВ ЖИЛЬЯ
✔️ В Туркестанской области продолжаются системные работы по обеспечению населения жильем. Под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова состоялось совещание, на котором подробно обсудили вопросы жилищного фонда, обеспечения граждан жильем и состояние многоквартирных домов.
🔁 Глава региона подчеркнул необходимость усовершенствования механизма распределения жилья и строго предостерег от незаконных действий в очередности на жилье.
📌 – Основная цель – в пределах финансовых возможностей обеспечить население жильем. Акимам районов и городов поручено разработать новые механизмы, внести предложения в рамках региональной программы. Квартиры должны распределяться среди действительно нуждающихся семей. Эффективное использование государственных средств – главный приоритет. Поэтому необходимо усилить мониторинг. Финансирование неэффективных проектов следует прекратить, направляя бюджет на действительно важные для населения инициативы. Приведите в порядок фасады и проведите ремонт многоквартирных домов, – подчеркнул Нуралхан Кушеров.
✔️ В ходе совещания руководитель областного управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Руслан Муздыбеков рассказал об актуальных проблемах в этой сфере и представил отчет по очередности на жилье. По его словам, в настоящее время в области в очереди на жилье стоят более 67 400 человек. Кроме того, в результате проведенной инвентаризации из очереди исключены 17 062 человека.
✔️ В результате активного строительства в регионе в период с 2018 по 2024 годы коммунальными квартирами обеспечены 7 766 граждан из числа очередников. Кроме того, около 11 500 человек приобрели жилье по ипотечной программе. В прошлом году в эксплуатацию было введено 1 153 800 кв. метров жилья.
✔️ Также местные акиматы предлагают и другие возможности для приобретения жилья. В прошлом году на жилищные сертификаты из местного бюджета было выделено 40,5 млн тенге. В частности, в городе Туркестан – 20 млн тенге, в районах Отырар и Толеби – по 5 млн тенге, в Сайраме – 7,5 млн тенге, в Сауране – 3 млн тенге. Эти сертификаты позволяют покрыть 10% первоначального взноса при ипотечном кредитовании.
✔️ По поручению главы государства внедрен механизм субсидирования арендной платы за жилье в размере 50%. В соответствии с установленными условиями, субсидии предоставляются инвалидам 1 и 2 групп, детям-сиротам, семьям с детьми-инвалидами и многодетным семьям. В настоящее время число получателей субсидий составляет 2 407 семей. По результатам проведенного мониторинга уровень получателей субсидий снизился на 61%. Эта работа будет продолжена.
📌 Напомним, что в этом году планируется ввести в эксплуатацию 1 млн кв. метров жилья.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments