Бүгін Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» жастар ұйымының мүшелері мен белсенді жастар бас қосып, жылдық жоспарды талқылады. Жоспарға сай биыл түркістандық жастар Наурыз айынан бастап ағаш, гүл көшеттерін отырғызуға белсенді араласады. Сонымен қатар, аудандардағы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандумға отыру жұмыстары талқыланды. Жиынға 17 аудан-қала жастар орталықтарының басшылығы «ZOOM» желісі арқылы қосылды. Бүгінде өңірде «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істейтін жастардың саны 1300-ден асады.
Жылдағы дәстүр бойынша жастарды ынталандыру, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып еңбек жасақтарының белсенділігін арттыру мақсатында «Жасыл ландшафт», «Үлгілі ауыл», «Туған жер», «Үздік түлек» байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталмақ. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, тұрғындардың экомәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстау бойынша түрлі тиімді жобалар қолға алынбақ.
Бұдан бөлек, өңірде облыстық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясының ұйымдастыруымен «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге аспақ. Шара барысында
1000 жастың қатысуымен экологиялық акция ұйымдастырылатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ БУДЕТ РЕАЛИЗОВАНА АКЦИЯ «ЭТО ТВОЙ РОДНОЙ КРАЙ», ПОСВЯЩЕННАЯ ПОВЫШЕНИЮ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ
Сегодня в Туркестанском областном молодежном ресурсном центре собрались члены молодежной организации «Жасыл ел» и активная молодежь, которые обсудили годовой план. Согласно плану, в этом году Туркестанская молодежь с марта будет активно участвовать в посадке саженцев деревьев и цветов. Кроме того, обсуждена работа по заключению меморандумов с лесными и озеленительными учреждениями в районах. К собранию подключилось руководство 17 районно-городских молодежных центров через сеть «ZOOM». Сегодня в регионе насчитывается более 1300 молодых людей, работающих по программе «Жасыл ел».
По традиции в целях стимулирования молодежи, пробуждения патриотических чувств к Родине и активизации деятельности трудовых отрядов будут организованы конкурсы «Жасыл ландшафт», «Үлгілі ауыл», «Туған жер», «Үздік түлек», где награждят победителей. Также в рамках экологической программы «Таза Қазақстан» будут реализованы различные эффективные проекты по активному проведению информационно-разъяснительной работы, формированию эколоүической культуры населения и поддержанию чистоты окружающей среды.
Также в регионе по инициативе областного Молодежного ресурсного центра будет проведена акция «Это твой родной край», организованная волонтерской ассоциацией «Жас Түркістан». В ходе мероприятия организуют экологическую акцию с участием 1000 молодых людей.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Comments