Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Жүзенов мәлімдеді.

«Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен былтыр 4 қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде «Charoit», «Eoulus», «Chia-Tai», «Q-Net» қаржылық пирамидаларының жұмысы тоқтатылды. Қылмыстық іс 25 күдіктіге қатысты болды. Нәтижесінде 1 000-нан аса жәбірленушілерден 400 млн теңге жымқырған. Бүгінде департамент тарапынан «Datamain Ai», «Асар баспана», «Chia-Tai» қаржылық пирамидаларына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы 36 желілік саябақта қаржылық пирамидалардың тізімі жасақталған QR-кодтар орнатылды. Сонымен қатар, интернет желісінен 1 500 алаяқтық чат бұғатталған. Қазіргі таңда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен бірге қаржы пирамидаларынан сақ болу, қаржылық сауаттылықты арттыру, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектептер мен жоғарғы оқу орындарында тұрақты түрде дәрістер өткізілуде. Одан бөлек, халық көп шоғырланатын орындарда үнемі қаржы пирамидаларының қауіптілігі жөнінде мәліметтер таратылуда»,- деді спикер.

Айта кетейік, былтыр елімізде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржылық пирамидаларын құру және оны басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық іс тергеліп, 13 млрд теңгеден астам қаражат жәбірленушілерге қайтарылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БҰҚТЫРМА КӨПІРІНІҢ САЛЫНҒАНЫНА 4 АЙ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *