✔️Түркістан облысының аудан, қалаларында балық шаруашылығына ден қойылып, бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар қарастырылған. Бүгін облыс басшысы Нұралхан Көшеров Шардара ауданындағы «Хамит» АӨК балық өндіру зауытын аралап, жұмыс барысымен танысты. Кәсіпорын иесі – Бақытжан Серманизов өндіріс нысанының жұмыс жүйесін баяндады.
✔️Бұл – облыс көлеміндегі балық өнімдерін өңдейтін ең ірі зауыт. «Хамит» өндірістік кооперативі жылына 2 мың тонна балық өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында 250 қызметкер жұмыс істейді. Орташа жалақы көрсеткіші 120 мың теңгені құрайды. Мұнда мұздатылған балық және филе түрлері өндіріледі. Ал зауыт өндірген тауарлар ішкі нарықтан бастап, Ресей, Италия, Бельгия, Англия елдеріне экспортталады. Кәсіпорын басшысының сөзінше, өнім көлемі 400 млн. теңгені құрайды.
✔️Айта өтейік, Түркістан облысы балық шаруашылығынан алғашқы орында келеді. Бүгінде облыс көлемінде тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының саны 231-ге жеткен. Оның 160-ы облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылған. Осыған дейінгі мәжілістерде облыс әкімі жауаптыларға балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізуді және инвесторлар тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. Бүгінде арнайы жұмысшы топ құрылып, балық өндірісін дамытуға ниетті кәсіпкерлер анықталуда.
✔️Облыс әкімі аралау барысында Шардара индустриалды аймағында орналасқан озық технологиялы, «Казкрахмал» ЖШС-нің жүгері өнімін терең өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған кәсіпорын жылына 150 мың тонна жүгері түрлерін өңдеп шығарады. Мұнда жалпы саны 500 адам жұмыспен қамтылмақ. Зауыттың өндірістік аймағы 35 гектар. Кәсіпорын крахмал мен сірне өндірісіне бағытталған. Инвестиция көлемі – 35 млрд. теңге. Өндірілген өнімдер ішкі нарықтан бастап, шетелдің Ресей, Қытай, Бельгия, Англия елдеріне экспортқа шығару көзделген.
Кәсіпорын басшысы Руслан Қияшпаевтың айтуынша, озық технологиялы өндіріс орнында газбен, электр жүйесімен, сумен қамту жұмыстары аяқталған. Бүгінде кәріз жүйесімен қамту бойынша ЖСҚ құжаттары әзірленуде.
✔️Атап айтқанда, мұнда терең өңделген жүгерінің крахмал, глютен, жүгері сірнесі, карамель сірнесі, мальтоза сынды өнімдерін нарыққа шығару жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______________
ТУРКЕСТАН: В ШАРДАРЕ РЫБОВОДСТВО И ЗЕРНОВОЕ ХОЗЯЙСТВО ПЕРЕХОДЯТ НА НОВЫЙ УРОВЕНЬ РАЗВИТИЯ
✔️В районах и городах Туркестанской области активно развивается рыбоводство, и в этом направлении ведется системная работа. Со стороны государства предусмотрена различная поддержка. Сегодня аким области Нуралхан Кушеров посетил рыбный завод «Хамит» в Шардаре и ознакомился с ходом работы. Владелец предприятия, Бакытжан Серманизов, рассказал о системе работы производственного объекта.
✔️Это крупнейший завод по переработке рыбной продукции в области. Производственный кооператив «Хамит» способен производить 2000 тонн рыбы в год. На предприятии работает 250 сотрудников. Средняя зарплата составляет 120 тысяч тенге. Здесь производятся замороженная рыба и филе. Продукция завода экспортируется в Россию, Италию, Бельгию, Англию. По словам руководителя, объем производства составляет 400 миллионов тенге.
✔️Стоит отметить, что Туркестанская область занимает первое место по рыбоводству. В настоящее время в области насчитывается 231 крестьянское хозяйство, занимающееся товарным рыбоводством. Из них 160 зарегистрированы в межобластной инспекции по рыбному хозяйству. На предыдущих заседаниях аким области поручил ответственным провести семинары по развитию рыбного хозяйства и активизировать работу по привлечению инвесторов. Сегодня создана специальная рабочая группа, которая выявляет предпринимателей, заинтересованных в развитии рыбной отрасли.
✔️В ходе визита аким области также ознакомился с ходом строительства завода по глубокой переработке кукурузы «Казкрахмал» в Шардаринской индустриальной зоне. Этот завод будет перерабатывать 150 тысяч тонн кукурузы в год. Здесь будет создано 500 рабочих мест. Производственная площадь завода составляет 35 гектаров. Предприятие ориентировано на производство крахмала и патоки. Объем инвестиций составляет 35 миллиардов тенге. Продукция завода будет экспортироваться в Россию, Китай, Бельгию, Англию. По словам директора предприятия Руслана Кияшпаева, на заводе завершены работы по подключению к газу, электричеству и водоснабжению. В настоящее время готовятся проектно-сметные документации по канализационной системе.
✔️В частности, планируется выпуск на рынок продуктов из глубоко переработанной кукурузы, таких как крахмал, глютен, кукурузный сироп, карамельный сироп и мальтоза.
Comments