Жаңалықтар

Шымкентте Ауған жерінен әскерлердің шығарылуының 36-жылдығына арналған іс-шаралар өтті

Жыл сайынғы іс-шара Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының аумағында орналасқан интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіште ауған ардагерлері мен олардың туыстарын, гарнизон әскери қызметшілерін, әкімдік өкілдерін және қала жастарын біріктірді.

Таңертең қаланың қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев басшылығымен жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері мен ауған ардагерлерінің ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

Осыдан кейін шараға қатысушылар Ауған ардагерлеріне арналған ескерткіш орналасқан Абай атындағы саябаққа барды. Онда гарнизон әскери қызметшілерімен, әскери колледж оқушыларымен және басқа да ардагерлер ұйымдары мен Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдерімен бірге қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Ауғанстаннан әскер шығарылған күні Шымкенттің интернационалист жауынгерлер жыл сайын жиналады. Қалыптасқан дәстүр бойынша жауынгерлердің кездесуі олардың үлесіне түскен жауынгерлік жол, қызмет және сынақтар туралы естеліктермен бірге жүреді. Көптеген ардагерлер үшін бұл күн тек жауынгерлік жолдастарының мақтанышына ғана емес, үйге оралмағандардың да қайғысына толы.

Ауған соғысы Қазақстан тарихында өшпес із қалдырды. Ұрыс қимылдарына 20 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 924-і қаза тапты, ал 20-ға жуығы осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұр. Тек Шымкентте ауған соғысының 700-ге жуық ардагері тұрады.

Мереке құрметіне оларға әкімдіктен жастарды патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлестерін атап өтіп, алғыс хаттар табысталды. Іс-шара ардагерлер үшін дәстүрлі мерекелік дастарханмен аяқталды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Түркістан еліміздің мәдени-рухани астанасы мәртебесіне ие болады

Алдыңғы

Мектепте өткен ерлік сабағы

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *