ЖаңалықтарҚоғам

КЛУБ МҮШЕЛЕРІ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті.

Жиында клубтың жаңа құрамы таныстырылып, ҚХА-ның 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспарындағы бастамаларға ақпараттық қолдау көрсету жайы сөз болды.

Клуб төрағасы Әбдез Иманқұлов ашып, жүргізген жиында «Muzbalaq kz» ақпараттық сайтының бас редакторы Базаркүл Қалбыр, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директорының кеңесшісі Бақтияр Тайжан, «Ontustik» телеарнасының редакторы, «Jibek joly» телеарнасының тілшісі Қанат Жүнісбеков, «Kungei.kz» ақпараттық агенттігінің редакторы Арай Есенбек, «Айғақ» телеарнасының директоры Мұхтар Серікбаев, «Ozgepikir.kz», «Nysana.kz» сайттарының редакторы Жәмила Мамырәлі, «Диагноз» газетінің редакторы Асылбек Досалы сынды бірқатар клуб мүшелері сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында шымкенттік журналистер мен блогерлер арасында байқау ұйымдастыру, клуб құрамын толықтыру, жас журналистердің біліктілігін арттыру, этносаралық қатынастар саласында қалам тербейтін журналистердің терминдерді дұрыс қолдануын үйрету сынды саналуан ұсыныстар айтылды.

Жиынды қорытындылаған клуб төрағасы клубқа жүктелген міндеттерді сапалы атқару жайына тоқталып, елдің бірлігін бекемдейтін бастамалар мен тындырымды тірліктер туралы толымды ақпарат таратуға шақырды.

Айта кетейік, қалалық ҚХА жанында әрекет ететін Журналистер мен блогерлер клубының негізгі міндеті – этносаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани-мәдени тұтастықты нығайтуға ықпал ету, азаматтық сәйкестік, патриотизм, этносаралық төзімділік туралы материалдардың БАҚ-та жариялануын қамтамасыз ету, жалпыұлттық идеялар мен рухани-өнегелік құндылықтарды насихаттайтын позитивті ақпараттық материалдардың жариялануына көмектесу, этносаралық қарым-қатынас жайында қалам тербейтін журналистердің кәсіби шеберлігін арттыру, журналистикалық этика принциптерін сақтау мен дамыту.

Сараланған ҚҚС мөлшерлемесі

Алдыңғы

ҰСЫНЫЛҒАН 20% ҚҚС ТЫМ ЖОҒАРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *