Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 730 МЫҢНАН АСА АЗАМАТТЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ ӨСКЕН

Түркістан облысында 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап 731 153 әлеуметтік төлем алушының жәрдемақы мөлшері артқан. Жалпы өңірде 793 766 әлеуметтік төлем бойынша зейнетақы және жәрдемақы алушылар бар. Бұл облыс халқының 3/1-ін құрайды. Бұл жайында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бегман Нұрмаханов БАҚ өкілдерімен өткен брфингте мәлімдеді.

«Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 пайызға артты. Сонымен қатар, мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты жоғарылатылды. Бала тууға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы баланың бір жарым жасқа дейінгі күтіміне байланысты, көпбалалы отбасыларға берілетін, Сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күміс алқалармен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің көбеюіне байланысты арттырылды» — деді спикер.

Сондай-ақ, өңірде мүгедектігі бар адамдардың саны 100 350 жетті. Оның 15 221-і балалар болса, 85 129-ы 18 жастан асқан ересектер. 2024 жылдың 12 айында 6 547 адам алғаш рет «мүгедек» деп танылса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 6 151 адамды құраған.

Департамент тарапынан жалпы 2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша барлығы 210 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 60 нұсқама беріліп, жалпы 170 нысанға 36 млн 236,9 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 34 млн 907,9 мың теңгесі өндірілген. Сонымен қатар, «Е-Собес» ақпаратттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, облыс бойынша оңалтудың техникалық құралдарымен әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 70 420 адамның 66 860-сы қамтамасыз етілгенін жеткізді департамент басшысы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЫРОС РАЗМЕР ПЕНСИЙ И ПОСОБИЙ БОЛЕЕ 730 ТЫС. ГРАЖДАН

В Туркестанской области с 1 января 2025 года увеличен размер пособий 731 153 получателей социальных выплат. Всего в регионе насчитывается 793 766 получателей пенсий и пособий по социальным выплатам. Это составляет треть населения области. Об этом сообщил руководитель департамента Комитета по регулированию и контролю в сфере социальной защиты населения по Туркестанской области Бегман Нурмаханов на брфинге с представителями СМИ.

«Размер пенсионных выплат по возрасту и за выслугу лет увеличился на 8,5%. Кроме того, размер государственных социальных пособий по инвалидности и случаю потери кормильца был повышен в связи с увеличением размера прожиточного минимума. Единовременное государственное пособие по рождению ребенка, ежемесячное государственное пособие по уходу за ребенком до полутора лет, предоставляемое многодетным семьям, а также многодетным матерям, награжденным «Алтын алқа», «Күміс алқа» или получившим ранее звание «Мать-героиня», награжденным орденами «Материнская слава» I и II степени был повышен в связи с увеличением месячного расчетного показателя», — сказал спикер.

Также в регионе число людей с инвалидностью достигло 100 350 человек. Из них 15 221 дети, а 85 129 — взрослые старше 18 лет. Если за 12 месяцев 2024 года впервые «инвалидами» признано 6 547 человек, то в 2023 году этот показатель составлял 6 151 человек.

Всего департаментом в 2024 году проведено 210 проверок по осуществлению государственного контроля в сфере социальной защиты лиц с инвалидностью. В результате выдано 60 предписаний, в общей сложности 170 объектов оштрафованы на сумму 36 млн 236,9 тыс. тенге, из них произведено 34 млн 907,9 тыс. тенге. Кроме того, по данным информационной системы «Е-Собес», техническими средствами реабилитации по области обеспечены 66 860 из 70 420 человек, нуждающихся в социальных услугах.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,7 МЛН АЗАМАТ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

Алдыңғы

Шымкент: әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *