Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2025 жылдың 1 ақпанында сағат 09:00-де академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараның құрметті қонағы болуға шақырамыз. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және шетелдік серіктес университет ректорлары, ғалымдарының қатысуымен [un]conference форматында өтеді.
Мерейтойлық бағдарлама аясында халықаралық стандарттағы «Достық» спорт кешені, 7 қабатты жаңа оқу ғимараты, панорамалық түрдегі цифрлық акт залы, IT Hub, Coworking орталығы және 3 қабатты «Next Step» ғылыми-техникалық зертханасының ресми ашылуы және жаңа оқу корпусының капсуласын салу рәсімі жоспарлануда. Сонымен қатар, «SPORT-TIME» шағын футболдан халықаралық турнир, «SCIENCE-TIME» атты ғалымдардың академиялық семинары өтеді.
Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Төле би к-сі, 32б.
Comments