✔️Түркістан облысында 264 мәдениет үйі мен клуб қызмет көрсетеді. Мәдениет саласындағы инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы тапсырмаға сәйкес, өңірде мәдени ошақтар бой көтеріп жатыр. Осы ретте Отырар ауданында орналасқан М. Шойманов атындағы 150 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жаңа мәдени ошақтың ашылуына қатысып, ауыл тұрғындарын заман талабына сай бой көтерген мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады.
📌- Отырарды білмейтін қазақ жоқ. Осындай қасиетті топырақтан болашақта әлемге танымал өнерпаздар шыға берсін. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда мектеп салынды. Өндіріс дамып жатыр. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік нысандар құрылысы ел игілі үшін жүзеге асуда. Инфрақұрылымды дамыту да назардан тыс қалмайды, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
✔️Өнерге қанат қаққан ауыл жастарының талабын шыңдап, түрлі мерекеде халыққа рухани азық сыйлау мақсатында жаңадан бой көтерген мәдениет ошағының жалпы алаңы – 76 гектар. Мұнда білікті мәдениет өкілдері еңбек етеді.
✔️Заманауи үлгіде салынған рухани ордада кітапхана, үлкен зал және би залы орналасқан. Хореография, домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Мұнда ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыру және жуыну бөлмелер бар. Қызметкерлерге арналған кабинеттер барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
✔️В Туркестанской области функционируют 264 дома культуры и клуба. В рамках поручения по развитию культурной инфраструктуры в регионе продолжается строительство новых объектов. В Отырарском районе введен в эксплуатацию Культурный дом имени М. Шойманова на 150 мест. Аким области Нуралхан Кушеров принял участие в церемонии открытия нового культурного центра и поздравил жителей села с этим значимым событием.
📌– Отырар – это священная земля, которая известна каждому жителю нашего региона . Пусть из этого благословенного края выйдут будущие мировые артисты. По поручению Президента в рамках проекта «Комфортная школа» здесь была построена школа. Развивается промышленность. Благодаря проекту «Ауыл – Ел бесігі» строятся социальные объекты на благо народа. Инфраструктура тоже остается в центре внимания, – подчеркнул Нуралхан Кушеров.
✔️Культурный центр, построенный для поддержки талантливой сельской молодежи и организации духовных мероприятий, занимает общую площадь 76 гектаров. В нем трудятся квалифицированные специалисты в области культуры.
✔️Современное здание включает в себя библиотеку, большой зал и зал для танцев. Также здесь функционируют кружки хореографии и домбры. В здании предусмотрены раздевалки и душевые для мальчиков и девочек, а также кабинеты для сотрудников, оборудованные всем необходимым. Для людей с ограниченными возможностями созданы специальные условия.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments