Жаңалықтар

Темекімен танысу әрі қоштасу…

Есімде, 4-ші не 5-ші класс оқып жүрген кезім, көктемнің бір күні мектепке класстасым үйінен әкесінің тартатын филтірсіз «Полет» деген шылымын тығып маған көрсету үшін алып келді. Ауылда үлкен кісілердің темекі тартқанын көріп, олардың түтінін будақтатып, мұрнынан түтін шығарып жүргендеріне таңқалып, «Қандай мықты адамдар!» деп ойлайтын едік. Бізге темекіге деген сол кездегі көзқараспен қарағанда, біртүрлі қол жетпес байлықтай көрінетін.

Бірінші сабақтан кейінгі үзілісте досым:

— Қобланды, кеттік далаға, көрейік мынаны,» деп ұсыныс жасады. Мен үнсіз ғана ілесіп мектептің артына бардық. Алғаш рет тартқанымда, шылымды қалай тарту керектігін білмедім, бірақ досым:

— Ішке тарт түтінді жұта, деген соң шылымды ішке тартқанымда жөтеліп демала алмай қалдым. Темекінің сұр түсті түтіні ішімді күйдіріп, көзіме жас келді. Бұл жағдайға досым шиқылдап:

— «Өй, мынаны ма!» деп қолын шошайта күлді. Бірақ адам бәріне тез үйренеді дегендей, келесі рет тартқанда тек басым айналып, орнымнан тұра алмай қалдым. Досым мені көтеріп, күліп:

— «Тұр, тұр! Тез, ұсталып қалмайық!» деді.

Мектептен үйге қайтқанда, автобус аялдамасын келіп отырып тағы темекі тарттық. Бізді көріп өтіп бара жатқан күнделікті темекі тартып жүрген үлкен кластағы балаларға, темекі ұсындық ешқайсысы алмады. Қайдан естігенін білмеймін, бірақ үйде мені апам күтіп отыр екен. Үйге кіргенімде, оның көзін көргенде бірдеңе болатынын сездім. Көзін меннен алмай:

— Не болды, мұрның қышып тұрған жоқ па ?деп сұрады. Мен жасырғым келіп, жымия бердім. Ойымда бірнәрсе болары анық еді. Содан кейін ой сыбағамды берді ғой, кейін ашуы басылған соң сабырмен:

— Балам, не істесең де, өз денсаулығыңды ойла. Темекі тартқан адам тек өз денсаулығын ғана емес, айналасындағы адамдарға да зиян тигізетінін түсінесің бе? деді.

Апамның айтқандары мені қатты ұялтты, өз қателігімді түсіндім және уәде бердім:

— Енді жоламаймын мүлде деп. Шыны керек апамның сөздерінен кейін, менің ішкі жан дүнием өзгерді темекіге деген. Әрине, көп уақыт өтсе де, осы оқиға менің есімде мәңгі қалып қойды.

Қазір ойлап отырсам, бұл балалық шақтағы тек бір қателік қана, бірақ сол оқиғадан кейін мүлде темекіге жолаған емеспін. Ол мен үшін өткеннің қызықты естелігі ғана емес, өмірлік маңызды сабақ деп есептеймін..

Қобланды АБЕНОВ

Год рабочих профессий: новые горизонты для дуального образования и бизнеса

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА 150 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *