Қызық заманға тап келдік. Айналамызға қарап отырсақ, өміріміздің бәрі дерлік кодтарға толып кеткенін ұ. Әр қадамымызды, әр әрекетімізді осындай сандар мен символдар ғана реттеп тұр. Олар – жеке куәлік нөмірі, ЖСН, телефон коды, әлеуметтік желілердің паролдері, банк карталарының нөмірі, тіпті үйіңнің домофон коды мен қала индексі де осы кодтарға кіреді.
Күнделікті өміріміздің әр сәтінде осындай деректерді есте сақтап жүруге мәжбүрміз. Ұялы телефон мен ноутбуктың паролінен бастап, әлеуметтік желілердегі әр түрлі кодтарды да жаттап а.луымыз қажет. Банк қосымшалары, eGov порталдары, электрондық пошта, WhatsApp, Facebook, Telegram, Instagram сынды қолданбалардың паролдері мен кодтарынан құтылудың жолы жоқ секілді.
Миымыз қандай мықты болса да, ақпараттың көптігі адамды шаршатып, кейде жүйке жүйесіне де салмақ салады. Әрбір пароль мен кодты есте сақтау үшін миымызға салынған ауыр жүк ауырлатады. Бірақ, бұл цифрлы дәуірде бізге күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналды.
Ал, ең бастысы, біз өзіміздің жеке мәліметтерімізді қорғауымыз керек. Оның бір жолы – парольдерімізді кемінде үш ай сайын ауыстырып отыру, әрдайым жаңартып отыру. Бірақ бұл да тағы бір код, тағы бір дерек. Мұны да еске түсіруіміз қажет.
Қазіргі заманда осындай қиындықтардан сүрінбеу үшін сабыр қажет. Себебі, тек сабырлы болсақ қана, бұл цифрлы әлемде өзіміздің қауіпсіздігімізді сақтай аламыз.
Сабыр мен төзімімізді жоғалтпай, жаңа цифрлы әлемде табысты болайық!
Қобланды АБЕНОВ
Comments