ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.
Спикердің айтуынша, өңірдің мемлекеттік қызмет жүйесінде гендерлік саясат сәтті іске асуда: қызметшілердің 1901 немесе 65%-ын әйелдер құрайды.
«Жалпы, облыстың мемлекеттік қызметінің басшылық лауазымдарында 429 әйел жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жалпы басшы құрамның 43,4% құрайды», — деп Думан Әбілев атап өтті.
Басшылық лауазымдардағы әйелдердің құрамы келесі көрсеткіштерден тұрады:
— облыс әкімінің орынбасарлары – 0,3%;
— қалалардың, аудандардың әкімдері және олардың орынбасарлары – 2%;
— аппарат басшылары және олардың орынбасарлары – 3,7%;
— облыстық басқармалардың басшылары және олардың орынбасарлары – 3,2%;
— құрылымдық бөлімшелердің басшылары – 38,7%;
— ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасарлары – 10,7%;
— дербес бөлімдердің басшылары және олардың орынбасарлары – 21,2%;
— сектор меңгерушілері – 20,2%.
2024 жылы конкурстық және конкурстан тыс іріктеу қорытындылары бойынша, ауысу арқылы, сондай-ақ сайлау қорытындылары бойынша және басқа да себептер бойынша 1069 қызметші тағайындалды, олардың 568 немесе 53,1% әйелдер.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі
Доля женщин-руководителей на госслужбе в Акмолинской области составляет 43,4%
Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области подведены итоги деятельности за 2024 год. Подробнее об этом рассказал руководитель Департамента Думан Абилев в ходе брифинга на площадке Региональной службы коммуникаций.
По словам спикера, на госслужбе региона успешно реализуется гендерная политика – 1901 служащих или 65% составляют женщины.
«В целом, на руководящих должностях государственной службы области работают 429 женщин. Данный показатель составляет 43,4% от общего руководящего состава» — отмечает Думан Абилев.
Представленность женщин на руководящих должностях выглядит следующим образом:
— заместители акима области – 0,3%;
— акимы городов, районов и их заместители – 2%;
— руководители аппаратов и их заместители – 3,7%;
— руководители областных управлений и их заместители – 3,2%;
— руководители структурных подразделений – 38,7%;
— акимы сельских округов и их заместители – 10,7%;
— руководители самостоятельных отделов и их заместители – 21,2%;
— заведующие секторами – 20,2%.
В 2024 году по итогам конкурсного и внеконкурсного отбора, посредством перевода, а также по итогам выборов и по другим причинам назначены 1069 служащих, из них 568 или 53,1% женщины.
Жазира Сейтмаганбетова, официальный представитель Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области
Comments