Жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛОСЬ ШЕСТЬ КОМФОРТНЫХ ШКОЛ

Накануне Нового года аким Шымкента Габит Сыздыкбеков принял участие в открытии шести комфортных школ, расположенных в пяти районах мегаполиса.
В микрорайонах Туран-2, Жаңа Турлан, Ұлағат и 276-й квартал начали работу школы вместимостью по 1200 мест. В микрорайоне Бозарық открылась школа на 2000 мест, а в Акжаре — на 600 мест.
Новые учебные заведения полностью адаптированы для детей с особыми потребностями: в зданиях предусмотрены пандусы, лифты и специальные зоны. Также обустроены коворкинг-пространства для творческого развития и отдыха. Для обеспечения безопасности учащихся установлены камеры видеонаблюдения и турникеты.
Осмотрев новые здания, аким города отметил, что открытие школ не только решает проблему дефицита учебных мест, но и способствует получению качественного образования и всестороннему развитию детей.
В 2024 году в Шымкенте было открыто 11 комфортных школ, что позволило обеспечить около 16 тысяч новых учебных мест. В следующем году планируется ввести в эксплуатацию еще 7 подобных школ.

Шымкент қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 183 отбасыға арендалық пәтерлердің кілті табысталып, қоныс тойы тойланды. Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын үйдің лентасын қиды. Айтулы мереке қарсаңында пайдалануға берілген баспаналар Асар-2 және Тұран шағын ауданында орналасқан. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Integra Construction KZ» ЖШС және «Алтын Констракшн» ЖШС мердігер мекемелері жүргізген. Жаңа қоныстанушылар арасында көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобындағы азаматтар бар. Елімізде құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталған. Соның ішінде әркімнің баспанамен қамтылуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы. Айта кету керек, 2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) арендалық пәтер берілуі жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 597 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 136, көпбалалы отбасылар – 288, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 173) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 2023 жылдан өтпелі болған 280 арендалық пәтер биыл қоныстандырылды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы жылы 1 793 пәтерлік 60 көпқабатты тұрғын үйлерге (оның ішінде 2023 жылдан өтпелі 1 041 пәтерлік 42 көпқабатты тұрғын үй) келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға Отбасы банк арқылы қолданысқа табысталды. Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы жетпейтін азаматтарды ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 519 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізген болатын. ​Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделген.

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ АЛТЫ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *