Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1300-ДЕН АСА НЫСАН САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ ДЕП ТАНЫЛҒАН

Түркістан облысында 2024 жылы «Е-лицензия» жүйесі арқылы аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 3 661 өтініш тіркелген. Оның ішінде 1343-іне нысандардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкесітігі туралы қорытынды берілген. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов брифингте мәлімдеді.

«Түркістан облысы аумағындағы нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармаларының құзыретінде. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 13 жұмыс күнін құрайды»- деді спикер.

Сонымен қатар, Асқар Бекболатұлы нысанға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің тәртібі барын айтып, белгіленген мерзімде жұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИДЕГІ СЕНБІЛІККЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҚАТЫСҚАН 

Алдыңғы

ЖОЛДАУ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖЫЛДА 6 АГТС САЛЫНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *