ӘдебиетЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғамМәдениетРуханият

ТҮЛЕГЕН ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Иə, бүгін Түркістанның төрінде, Фараб кітапханасында «Парақtimes» кітап жəрмеңкесі өтуде. Кітап жазушы да, оқушы да осында. Кітап шығарушы баспагерлер де жайғасқан. Меймандар арнайы алаңшалар мен кітап көрмесімен танысты. Онда кітапсүйер қауымның іздеген кітаптарының бəрі бар. Əсіресе, үлкеннің де, кішінің де сүйіп оқыған «Менің атым Қожа», «Абай жолы» тағы басқалары орын алған. Түркістан облыстық мəдениет басқармасының басшысы Əзімхан Қойлыбаев жиналған кітапсүйер қауымды мерекемен құттықтап, бəріне абырой мен сəттілік тіледі.

«Шатыр астындағы əңгімеге» елімізге белгілі ақын-жазушылар Ұларбек Дəлейұлы, Ырысбек Дəбей, Ерлан Жүніс, Айдар Сейдазым, Ділдагүл Нұрмағанбетова мен тағы басқалары қатысуда. Бұлар оқырмандар асыға күткен ақын-жазушылар. Олар жеке шығармашылығы мен шығармалары туралы əңгімелеп, өз оқырмандарына қолтаңбаларын беруде. Ал жəрмеңкеге қатысушы баспалардың баспадан жаңа шыққан кітаптарының тұсауы да кесілуде.

Түркістандық өнерпаздар əн мен күйді орындап, келушілерге өз өнерлерін  ұсынуда.

Иə бүгін Түркістандай түлеп жатқан ерекше мәртебесі бар қалада нағыз мереке, нағыз той өтуде.

Айтсын-айтпасын, бұл іс-шараның маңызы ерекше. Интернет желісіне телмірген кезеңде мұндай іс-шараның ұйымдастырылуы, әсіресе,  кітап оқудан алыстап бара жатқан жастар үшін өте пайдалы.  Мұны ұйымдастырушы Түркістан облысы əкімдігі мен бір өзі бірнеше мекеменің ісін атқарып жүрген «Серпіліс» қоғамдық қорының директоры Бейсенкүл Нарымбетова.

Жəрмеңке ертең де жалғасады.

Қауіпсіздік сабақтары

Алдыңғы

«Күшті армия-егемендіктің кепілі»: әскери сарапшымен сұхбат

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *