Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында орта білім беру жүйесінің маңыздылығына тоқталып, «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатқанын тілге тиек еткен болатын. Бүгінгі таңда ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, республикамыздың түкпір-түкпірінде жаңа білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде.
Мәселен, Созақ ауданының орталығы Шолаққорған елді мекенінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектеп салынуда. Су жаңа білім ордасына ағартушы, педогог Ыбырай Алтынсарин аты берілген. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жалпы орта мектебінің құрылыс алаңында болып, мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, білім ордасының құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішкі және сыртқы жұмыстарының қарқыны арта түскен. Ғимараттың сыртқы келбеті сәнді әрі заманауи сипатқа ие болуда. Сонымен қатар, құрылыс аймағында абаттандыру жұмыстары да қоса жүргізіліп, аумағына асфальт жабындысы төселіп, көлік тұрақтары ретке келтірілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments