Жаңалықтар

Жетісуда тұңғыш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті

«AMANAT» партиясының бастамасымен Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында ауыл әкімдерінің басын біріктірген форум өтті.

⚜️Айтулы жиынның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, ауыл халқын толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу.

🖇️Алқалы жиынға «AMANAT» партиясы орталық аппарат басшысы Мади Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, Жетісу облысы әкімінің орынбасарлары Әлібек Жақанбаев және Диас Есдаулетов, басқарма басшылары мен облысымыздағы 113 ауылдық окургтердің әкімдері қатысты.

🔹Алғаш ұйымдастырылған форум барысында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, ауыл-аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл әкімдерінің сайлауы және олардың атқарар жұмыстарының негізгі мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.

⚜️Облыс әкімінің орынбасары Жақанбаев Әлібек Әскербеұлының айтуынша, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету әкімдердің басты міндеті.

💬«Облыс экономикасын одан әрі дамыту және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін бірлескен, тиімді жұмыстың арқасында Біз облысымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін», — деді өңір басшысының орынбасары Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев форумның ашылу рәсімінде.

⚜️Осы орайда, «AMANAT» партиясының аппарат басшысы Мәди Жарылқасынұлы жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігі жоғары болуға тиіс екенін айта келе, ауыл әкімдері институтының нәтижесі табысты реформаның маңызды міндеті болып табылатынына баса мән берді.

«Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алдыңғы

В Талдыкоргане обсудили поддержку предпринимателей и борьбу с административными барьерами

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *