ЖаңалықтарҚоғамМәдениетТарих

«Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстарды талқылауға арналды.

Конференцияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері республикалық және өңірлік мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, тарихшылар қатысты.

Конференция шеңберінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия сияқты мемлекеттердің архивтерінен әкелінген құжаттар қойылды. Оның қатарында студент Жұмабаев Мағжан Бекенұлының 1923-1925 жылдардағы жеке ісі, 1334 жылы сұлтан кезінде Әз Жәнібек ханға арналып жазылған тарихи қолжазба, 918 жылы Темір ханның Сайбек ханға елші жіберіп, Бұрындықпен мәмілеге келуі туралы деректер, 1784 жылғы қазақ даласындағы көне қалалардың көрінісі, сондай-ақ Орта Азиядан көшкен 3000 қазақ мәселесіне қатысты шешімдер, оларды Кашмирге қабылдау сияқты құнды құжаттардың көшірмесі қойылды.

Іс-шара аясында «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

***

Прошла республиканская научно-практическая конференция «Архив – 2025: итоги и проблемы»

В Национальном архиве Республики Казахстан при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан прошла республиканская научно-практическая конференция на тему «Архив – 2025: итоги и проблемы».

Мероприятие было посвящено обсуждению работ, проведённых в рамках проекта «Архив-2025», направленных на выявление, копирование, оцифровку и публикацию документов о Казахстане, находящихся за рубежом.

В конференции приняли участие представители Министерства культуры и информации РК, сотрудники республиканских и региональных государственных архивов, а также историки.

В рамках конференции была организована выставка уникальных документов, касающихся истории Казахстана. Экспозиция включала документы, привезённые из архивов России, Германии, Монголии, Беларуси, Армении, Турции. Среди них – личное дело студента Магжана Бекеновича Жумабаева за 1923–1925 годы, историческая рукопись 1334 года, написанная в честь хана Аз Жанибек, сведения о посольстве хана Темира к хану Сайбеку и соглашении с Бурундуком 918 года, изображения древних городов казахской степи 1784 года, а также копии документов о проблеме 3000 казахов, переселившихся из Средней Азии, и решении о приёме их в Кашмире.

В рамках мероприятия состоялась презентация сборника документов «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев ресми сапармен Сербияға барып, Белградта жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізді

Алдыңғы

Жетісуда тұңғыш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *