ӘдебиетЖаңалықтарМәдениетРуханият

ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Әкім Таразидің академиялық залы ашылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидің академиялық залының ресми ашылу салтанаты және жазушының XIII томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.

Бұл шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырып отырған «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасының «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Жазушының XIII томдық шығармалар жинағына романдары, аудармалары, драматургиясы, тарихи зерттеулері сияқты шығармалары топтастырылған.

Кітапхананың төртінші қабатында орналасқан жайлы, заманауи Әкім Тарази залы алдағы уақытта ғалымдарға, доктаранттарға, қаламгердің шығармашылығын насихаттап, зерттеп жүрген оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетедi.

Залға жазушының жеке қоры, фотосуреттері, кітаптары мен коллекциялары қойылды.

Шараға ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Р Али, қалалық мәслихат депутаттары, Әкім Таразидің жары Р.Мұқанова, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар және студенттер қатысып, Әкім Тарази шығармашылығының ұлттық әдебиет пен мәдениет үшін маңыздылығын атап өтті.

Ақын Әбубәкір Смайловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті 

Алдыңғы

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫМЕН – 2024» XII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП ЖӘНЕ ПОЛИГРАФИЯ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *