Түркістанда халықаралық ХХVI «Қазақ романсиадасы» жас орындаушыларының байқауы өз мәресіне жетті. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мұндай халықаралық байқаулардың маңызы жоғары екеніне тоқталып, желтоқсан айында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына жолдама алған Гран-при иегеріне табыс тіледі.
Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының ауызбіршілікті сақтау, ұлтаралық достықты нығайту мақсатындағы бастамалары аясында ұйымдастырылып отыр.
Түркістан облыстық әкімдігі мен «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінен 60 үміткер қатысып, байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынады. Қазақ және орыс тілінде романс орындаған үміткерлердің өнеріне Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Романсиада» халықаралық байқауы идеясының авторы және ұйымдастырушысы Галина Преображенская, Өзбекстанның халық әртісі, Науаи атындағы мемлекеттік академиялық үлкен театрдың жетекші солисі Аваз Раджабов, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Игорь Воронцов, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, Қазақтың кәсіптік өнері кафедрасының доценті Гүлзат Бейсенқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана опера» жетекші солисі Талғат Мұсабаев, сонымен қатар гала-концерт қонағы «Романсиада-2018» орыс романсиадасы жас орындаушылар байқауының бірінші сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Николай Землянских төрелік етті.
Қазылар алқасының шешімімен Гран-при Нұрсұлтан Ануарбекке (Астана) бұйырды. Сондай-ақ «Қазақ романсы» бағытында 1-орынды Алижан Қазбеков (Павлодар), Саят Сақитжан (Астана), 2-орынды Ораз Мұхамедияр (Шымкент), 3-орынды Акобиржон Собиржонов (Наманған), Назым Дәулетқызы (Алматы), «Орыс романсы» бағытында бойынша 1-орынды Асқат Байышов (Бішкек), Алтынбек Арыстанбек (Астана), 2-орынды Ахрорбек Абдукаххоров (Ташкент), Жаннұр Бердібекова (Астана), Роман Чеснов (Бішкек) 3-орынды Симак Сатыбалдиев (Бішкек), Данияр Айткужинов (Алматы) иеленді.
«Романсиада аруы» номинациясымен Жанель Мұратбек (Шымкент), «Романсиада үміті» номинациясымен Нұрсәндібек Жақсылық (Қызылорда), Аружан Ишанбек (Қызылорда), Айжан Пернехан (Шымкент), Мағжан Өмірбеков (Алматы), «Әртістік шеберлігі мен жарқындығы» номинациясымен Ұлан Асеков (Бішкек), «Романтикаға адалдығы үшін» номинацисымен Жәнібек Болатов, (Астана), Бақыт Қыдырбаев (Нүкіс), Әзизбек Усмонов (Ташкент) марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
В ТУРКЕСТАНЕ ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ XXVI МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА «КАЗАХСКАЯ РОМАНСИАДА»
В Туркестане завершился XXVI Международный конкурс молодых исполнителей «Казахская романсиада». На торжественном мероприятии заместитель акима области Ертай Алтаев отметил высокую значимость таких международных конкурсов и пожелал успехов обладателю Гран-при, который получил путевку на финальный конкурс исполнителей романсов, запланированный в декабре в Москве.
Конкурс, организованный акиматом Туркестанской области и общественно-политической газетой «Южный Казахстан», собрал 60 участников из Казахстана, Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана. Соревнования проходили в два этапа, согласно правилам конкурса. Участники исполняли романсы на казахском и русском языках.
Работу конкурсантов оценивало жюри, в состав которого вошли: заслуженная артистка России, автор и организатор международного конкурса «Романсиада» Галина Преображенская; народный артист Узбекистана, ведущий солист Государственного академического Большого театра имени Алишера Навои Аваз Раджабов; заслуженный артист Кыргызской Республики Игорь Воронцов; солистка Государственного академического театра оперы и балета имени Абая, доцент кафедры профессионального казахского искусства Гульзат Бейсенкызы; заслуженный деятель Казахстана, ведущий солист «Астана Опера» Талгат Мусабаев, а также гость гала-концерта – лауреат первой премии конкурса молодых исполнителей русского романса «Романсиада-2018», оперный певец Николай Землянских.
По решению жюри Гран-при конкурса был присужден Нурсултану Ануарбеку (Астана).
Также по направлению «Қазақ романсы» 1 место занял Алижан Казбеков (Павлодар), Саят Сакитжан (Астана), 2 место-Ораз Мухамедияр (Шымкент), 3 место-Акобиржон Собиржонов (Наманган), Назым Даулетовна (Алматы), 1 место-по направлению «русские романсы» Аскат Байышов (Бишкек), Алтынбек Арыстанбек (Астана), 2 место заняли Ахрорбек Абдукаххоров (Ташкент), Жаннур Бердибекова (Астана), Роман Чеснов (Бишкек) 3 место заняли Симак Сатыбалдиев (Бишкек), Данияр Айткужинов (Алматы).
В номинации «Мисс Романсиада» Жанель Муратбек (Шымкент), в номинации «Надежда Романсиады» Нурсандибек Жаксылык (Кызылорда), Аружан Ишанбек (Кызылорда), Айжан Пернехан (Шымкент), Магжан Омирбеков (Алматы), в номинации «Артистическое мастерство и яркость» Улан Асеков (Бишкек), в номинации «За верность романтике» Жанибек Награждены Болатов, (Астана), Бахыт Кыдырбаев (Нукус), Азизбек Усмонов (Ташкент).
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments