Әлем жаңалығыЖаңалықтарҚоғам

Қазатомөнеркәсіп пен Orano Group атом саласы үшін кадрлар даярлауда ынтымақтасатын болады

2024 жылғы 12 қараша, Астана қаласы Қазақстан

Мемлекет басшысының Францияға ресми сапары аясында өткен Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің отырысында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ және француздық Orano Group компаниясы атом саласы үшін білім беру және кадрлар даярлау саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл келісім екі компанияның да жоғары білікті мамандарды дамытуға және атом энергетикасындағы инновацияларды ынталандыруға бейілділігін атап көрсетеді.

Меморандум Қазатомөнеркәсіп және оның еншілес кәсіпорны «Үлбі металлургия зауыты» АҚ мамандары үшін Orano кәсіпорындарында, оның ішінде уранды конверсиялау зауыттарында тағылымдамалар мен оқу бағдарламаларын көздейді. Бұл оларға озық технологияларға қол жеткізуге, француз әріптестерінің тәжірибесін зерттеуге және олардың кәсіби дамуына ықпал ететін үздік халықаралық тәжірибелерді қабылдауға мүмкіндік береді.

«Осы меморандумға қол қою ядролық отын цикліндегі жетекші әлемдік ойыншылардың бірі Orano Group-пен қарым-қатынасымызды дамытудағы маңызды қадам болып табылады, — деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов. – Мен біздің адамдар компанияның басты ресурстарының бірі екеніне сенімдімін, сондықтан құзыреттілікті дамыту және өндірістік персоналды оқыту мен біліктілігін арттыруға қосқан үлесі Қазатомөнеркәсіптің ғана емес, сонымен қатар отандық атом саласының болашағы үшін аса маңызды болып табылады».

Қазатомөнеркәсіп пен Orano-ның көпжылдық ынтымақтастығы Түркістан облысындағы Мойынқұм кен орнында уран өндіруді жүзеге асыратын «КАТКО» БК» ЖШС бірлескен кәсіпорны арқылы табысты іске асырылуда. Жаңа меморандум атом саласындағы екі компанияның да ұстанымдарын нығайтуға ықпал ететін қосымша жобаларды құру үшін перспективалар ашады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ДИАБЕТІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

Алдыңғы

Kazatomprom and Orano Group will cooperate in training personnel for the nuclear industry

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *