«ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ГЕОСАЯСИ АХУАЛ ЖӘНЕ МЕДИА НАРЫҚ» отырысында қатысушыларды әлем елдеріндегі түрлі оқиғалардың БАҚ-қа ықпалы ерекше қызықтырды. Себебі, көріп отырғанымыздай қазір геосаяси жағдай түркітілдес елдердің медиа саласына қатты әсер етіп жатыр.
Санкциялар, ақпарат ағынындағы өзгерістер және журналистер үшін жаңа сынақтар бөлшектенумен, жалған ақпараттың өсуімен және тәуелсіз БАҚ-қа қысымның күшеюімен сипатталатын жаңа медиа ландшафтты қалыптастырып отыр. Осы сын-қатерлерді еңсеру үшін журналистердің кәсіби қоғамдастығын нығайту, халықтың медиасауаттылығын дамыту және тәуелсіз БАҚ-ты қолдау қажет.
Мұнда отандық және шетелдік мамандар ақпараттық ағынның өзгеруіне кеңінен тоқталды. Медиа кеңістіктің бөлшектенуі: геосаяси ахуалдың ширығуы медиа кеңістіктің бөлшектенуіне әкеп соғады. Салдарынан пропаганда мен манипуляцияға бейім ақпараттық алаңдардың пайда болады. Бұл шынайы ақпаратқа қол жеткізуге кедергі жасайды. Дезинформацияның артуы: ақпараттық соғыс жағдайында дезинформация мен фейк ақпараттар күшейеді. Бұл журналистерге нақты ақпарат пен «аңыздарды» ажыратуда қиындық келтіреді.
Әлеуметтік желілердің қоғамдағы ықпалының артуы: әлеуметтік желілер бүкіл әлем үшін өте маңызды дереккөзге айналған. Бірақ әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жиі тарайды, ақпараттық манипуляция жиі жасалады. Бұл – БАҚ өкілдерінің кәсіби тұрғыда еркін жұмыс істеуіне кедергі.
Сондықтан қылышсыз майданда бұқаралық ақпарат саласының мамандарына әрбір ақпарат ағынына мұқият болып, алдына келген кез келген мәліметті синтездеудің маңыздылығы туралы барынша сөз болды.
Халықаралық медиа форумға келген қонақтар БАҚ өкілдері үшін ерекше маңызға ие екенін жеткізді. Мұндай кездесулер медиа және туризм саласы мамандарынң кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, мәдени байланыстарды нығайтуға да ықпал етеді. Ерекше айтып өту керек, бүгінде бір ғана қордың бастамасымен өтіп жатқан шаралар түркітілдес елдер журналистерінің тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелерді бірге талқылауға және жаңа медиа трендтермен танысуға септігін тигізіп келеді.
Форум – тек ақпарат алмасу ғана емес, сондай-ақ журналистер арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, ортақ құндылықтарды насихаттаудың да ортақ алаңы.Бұл — түркітілдес журналистер қоры қазақ тілді журналистиканың дамуына зор үлес қосып, ақпараттық кеңістіктегі өзара байланысты нығайтып жатқанының бір дәлелі.Осы он жыл ішінде ТТЖҚ бірлігі жарасқан журналистер қауымдастығы ретінде түркі әлеміне тән тарихи құндылықтарды дәріптеп, халықтар арасындағы мәдени және ақпараттық көпірдің рөлін атқарып келеді. Қор жүргізген әрбір жоба, бастама ұлттарды бір-біріне жақындатып, өзара түсіністікті, бауырластықты арттыруға мүдделі болып отыр.
Comments