Алматы қаласында IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы өтті. Іс-шараға Британия, Германия, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр секілді тағы бірнеше елден туризм және медиа саласының өкілдері, сондай-ақ еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, журналистика саласының тәжірибелі сарапшылары, республикамыздың атқарушы орган өкілдерінің баспасөз хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Форумда шетелдік және отандық медиа және туризм саласының мамандары түркі елдерінің бірлігін арттыру, туыс халықтар арасындағы мәдени, туристік және журналистика саласындағы байланыстарды арттырудың маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды.
Comments