2025 жылдан бастап Қазақстанда азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен жұмыс істейтін штаттан тыс қызметкерлер де әлеуметтік төлемдер алып, декреттік демалысқа шыға алады. Жұмыс берушілер енді осындай қызметкерлерді де әлеуметтік сақтандыру және төлемдермен қамтамасыз етуге міндетті.
📌 Бұл не береді?
Штаттан тыс қызметкерлер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер ала алады.
Жұмыс берушілер енді штаттан тыс қызметкерлерге жұмыссыздық, уақытша еңбекке жарамсыздық және декрет төлемдерін өтеуге міндетті.
Бұл жаңашылдық азаматтық-құқықтық келісіммен жұмыс істейтін әрбір қазақстандыққа қатысты.
🎉 Қуанып жатырмыз ба? Осы бастаманы қалай қабылдадыңыздар?
Қобланды АБЕНОВ
Comments