«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры тек түркітестес БАҚ өкілдерінің ғана емес əлемдегі журналистердің бірігіп, ынтымақтаса қызмет етуіне бар күш-жігерін салуда. Оны осы қоғамдық қордың директоры əпкеміз Нəзия Жоямергенқызының шетелдердегі іскер журналистермен өткізілген іс-шараларға қатысуы мен түрлі жиындарды ұйымдастыруы дəлел. Бұл қоғамдық қор еліміздің туристік қызметінің дамуына да ерекше үлес қосуда.
Былтыр шетелдік БАҚ өкілдері Шарын шатқалы мен Аюлы сарқырамасын көріп, «Қазақстанның табиғаты қандай əсем, қарасаң көз тоймайды екен» деп таңданып қайтты.
Қоғамдық қор БАҚ өкілдерінің заманауи жасанды иниеллект сияқты XXI ғасыр жаңалықтарын да медиаға пайдалануды үйрету үшін биыл «Halyk bank» АҚ-мен бірлесе еліміздің əр өңірінде «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» атты семинар-тренинг өткізді. Мен Шымкент қаласында ұйымдастырылған семинар-тренингке қатыстым. Мұнда көп білмейтін мəліметтермен таныстық. Нəзия əпкенің өзі модераторлық етті. Қазіргі таңда интернет дамыған сайын алаяқтық та онымен бірге өрши түсуде. Олармен қалай күресу жəне қақпандарына түспеу жолдарын «Halyk bank» Шымкент филиалының директоры Гүлнар Ратаева ханым өте жақсы айтты. Іскер журналистің қазіргі заманда ашық дереккөздермен қалай жұмыс істеуін Нəзия əпкенің өзі егжей-текжейлі түсіндірді. Ал медиа тренер Бауыржан Ғаппаров «AI: инфографика, постер, презентация«, сондай-ақ медиа тренер Ерсұлтан Хожалепес «YouTube: рейтинг жəне монетизация» жөнінде мен қызығып жүрген мəліметтермен бөлісті. Əр тақырып бойынша тəжірибелік жұмыстар да жүргізілді.
Осы семинар-тренингке қатысушыларға білімін арттырғаны үшін сертификаттар да тапсырылды.
Ең бастысы, əрбір қатысушы өзі білсем деген сұрақтарына жауап алып қайтты. Ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ!
Жанерке ОРАЛБЕК
Comments