Кеше ғана «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» атты семинар-тренингі өтті. Жастарды журналистік біліммен қамтамасыз етсем деп жүрген əпкеміз Нəзия Жоямергенқызы бастап келген тренерлер қазіргі көптеген жаңалықтармен таныстырды. Спикер, Halyk Bank Шымкент филиалының директоры Гүлнар Ратаева «Интернеттегі алаяқтық. Алдын алу жолдары» туралы қатысушыларға жан-жақты түсіндірді. Ал медиа тренер Нəзия əпке «Іскерлік журналистика: ашық дереккөздермен жұмысты» қалай жүргізуге болатынын үйретті. Дегенде, жаңалықтармен осылай танысып, көптеген сұрақтарға жауап алдық.
Comments