Жаңалықтар

IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ

«TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ»

 2024 жылдың 11-12 қарашасында «Түркітілдес журналистер қоры» «Шеврон» компаниясының серіктестігінде Қазақстанның Алматы қаласында IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын ұйымдастырады. Медиа форумға Қазақстан, Еуропа елдері, Түркия, Орталық Азияның БАҚ басшылары, журналистер, ақпарат және туризм саласына қатысты мемлекеттік органдар, депутаттар, PR менеджерлер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері, туризм саласының мамандары, ЖОО журналистика факультеттерінің декандары мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.

Түркі әлемінің медиа саласындағы маңызды мәселелерді талқыға салатын халықаралық алаң – «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбындағы медиа форумда дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік медианың жаңа тенденциялары, жасанды интеллекттің медиа кеңістікке әсері, жасанды интеллектті ақпарат жинау, сараптамалық мәліметтер, контент қалыптастыруда пайдалану, БАҚ-та жасанды интеллектті қолданудың этикалық қыры, болашақта үстемдік құратын контенттің тиімді форматы, VR/AR, интерактивтік медиа, медиа компаниялар медиа нарықтағы жаңа форматтар мен платформалар, контентті монетизациялау т.б. туралы айтылады.

Туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты күшейту мақсатында түркі мемлекеттерінде PR және маркетинг құралдарын тиімді пайдалану арқылы туризм секторының дамуына ықпал ету, мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың туристік PR-ды дамытудағы рөлін нақтылау, туристік маркетинг саласындағы мамандарды оқыту және кәсіби білігін арттыру, туристік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, түркі әлемінде туризмді дамытудың бірлескен стратегиясын әзірлеу, туризм инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту т.б. туралы пікір алмасылады.

Медиа форумда аймақтық БАҚты дамыту мәселелеріне басымдық беріледі. Атап айтқанда, қазір Қазақстанда жергілікті аймақтық ақпарат құралдары жиі кезігетін экономикалық қиындықтар: жарнамадан түсетін кірістердің төмендеуі, дәстүрлі БАҚ пен интернет-ресурстардың бәсекелестігінің артуы, сапалы контентті шығаруға кететін шығындардың көбеюі; тәжірибелі мамандардың тапшылығы, жергілікті билік пен мүдделі топтар тарапынан болатын моральдық және материалдық қысымдар, аймақтық БАҚ-тың бәсекелестік қабілетін арттыру, жарнама, ақылы жазылымдарды дамыту, басқа ақпарат құралдарына контент сату, ақылы қызметтерді ұсыну арқылы табыс көздерін әртараптандыру мәселелері кеңінен сөз болады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде қатысушыларға «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» жобасы бойынша дәстүрлі журналистика, travel journalism, жалған ақпарат пен ақпараттық манипуляцияны анықтау, жасанды интеллектті медиада тиімді қолдану тақырыптарына семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

Медиа форум қорытындысында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ «Шеврон» компаниясы мен Halyk Bank серіктестігінде өткізген «Әлеумет – қоғам айнасы»-2024, «Еркін сөз»-2024, «Туған жерім – тұғырым»-2024 шығармашылық байқауларының жеңімпаздары марапатталады.

Толық ақпарат: +7 778 878 3408;

 Медиа форумға тіркелу: https://forms.gle/nXrfc41pJ8z6ZBVg7

#түркітілдесжурналистерқоры 

#фондтюркоязычныхжурналистов

#turkdilikonuşangazetecilervakfı

#turkicspeakingjournalists #wfpa #worldforeignpressassociation #chevron #шеврон #халықбанк #halykbank

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ «AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *