Шардара қаласында орналасқан №863 дауыс беру учаскесінде жас жұбайлар арнайы келіп өз таңдауларын жасады. Айта кетсек, Шардара ауданы бойынша 33 дауыс беру учаскесі құрылған. Онда 43 675 дауыс беруші тіркелген. Ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандағы барлық дауыс беру учаскелері бірінші қабатқа орналастырылып, толығымен пандустар қойылған.
Жалпы Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 учаске өз жұмысын бастады. Бүгінгі таңда өңірде дауыс беру құқығына ие 1 млн 180 мыңнан астам азамат бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments