Жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдағы онжылдықтарда энергетика саласында жағдай күрделенуі мүмкін. Сондықтан проблеманы болдырмауды бүгіннен бастап қарастыру керек.

«Болашақта еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін АЭС ауадай қажет. Энергия экономикамыздың локомотиві болып табылады. Біздегі электр энергиясын тұтыну көлемі 2035 жылға қарай 152,4 млрд кВт/сағ болатыны болжанып отыр. Алайда қазіргі уақытта еліміздегі жұмыс істеп тұрған электр станциялары тек 135 млрд кВт/сағ электр энергиясын ғана қамтамасыз ете алады».

Сонымен қатар, атом энергетикасы қазіргі таңда «жасыл» энергия көзі ретінде қарастырылатыны, тіпті жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза энергия көзі екені ерекше атап өтілді. Ядролық отынды қайта өңдеу және қауіпсіздікті арттыру мәселелері де әлемдік деңгейде белсенді түрде талқыланып жатыр.

Штаб мүшелері еліміз электр қуатының тапшылығын сырттан келетін ағындармен жауып келе жатқанын жеткізді. Бұлай жалғаса берсе, энергетикалық тәуелділігімізді арттырып, аталған саладағы нарық қауіпсіздігіне қатер төнетінін түсіндірді.

Өз кезегінде ақхалаттылар түсіндіру жұмыстарын жүргізген штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп, атом электр станциясының салынуын қолдайтындықтарын білдірді.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ: Отандық АЖ/ТҚҚ комплаенс-мамандардың алаяқтықпен күреске бағытталған жобасы Еуразия кеңістігінде үздік деп танылды.

Алдыңғы

Шымкентте 163 сарбаз бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасты

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *