Жаңалықтар

КЕРБҰЛАҚТЫҚТАР АЭС-ТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Кербұлақ ауданың тұрғындарымен кездесіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен артықшылықтары талқылауда.

АЭС-тің мүмкіндіктерін аудандағы ұстаздар да қолдайды.

Кездесуде Халықтық штабтың мүшелері, ҚР мәжіліс депутаты Болат Керімбек және «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын АЭС салудың ұтымды тұстарын егжей-тегжейлі баяндап, нақты деректер келтірді.

«Қазақстанның энергетикалық жүйесі қиын жағдайға тап болып отыр. Қазіргі электр энергиясының 70%-дан астамы ескірген көмір стансаларынан өндіріледі, ал жаңартылатын энергия көздері небәрі 6,5% ғана үлеске ие, бұл жеткіліксіз. Бүгінде сұранысты қанағаттандыру үшін біз Ресейден электр энергиясын сатып алып отырмыз. Бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне және қаржымыздың сыртқа кетуіне қауіп төндіреді. Атом электр стансасы осы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы», – деді детутат Болат Бақбергенұлы.

Оның айтуынша, қазір әлемде 31 елде 415 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Соның ішінде АҚШ-та 94, Францияда 56, Қытайда 56 реактор бар. Ал Қазақстан атом энергетикасын дамытуға қажетті барлық мүмкіндіктерге ие. Елімізде уранның ірі қорлары бар және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ауқымды ғылыми база қалыптасқан.

Республикалық Халықтық штаб мүшелері жарқын болашақты таңдауға шақырды

Алдыңғы

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек Жетісу облысындағы «Қызылжар» өндірістік кооперативі ұжымымен кездесті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *