Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылындағы мектеп ұжымымен кездесті.
Ұстаздармен кездесуде спикерлер AЭС құpылысының мaңызы мeн қaжeттілігін түсіндіpді. Әуелі сөз тізгінін алған Ғалиасқар Төлендіұлының айтуынша, электр қуатын өндіру тиімділігі жағынан жаңартылатын энергия көзін пайдалану диапазоны 20-40 пайыз аралығында болса, АЭС-тің тиімділігі 90 пайыздан жоғары екен. Қазіргі уақытта Қазақстанды энергия тапшылығынан АЭС қана құтқарады. Айтпақшы, мұндай тиімділік тіпті көмір генерациясында да жоқ екен.
— Сәулелі элементтен үрей көріп, қауіптілігін алға тартып жүрген отандастарымыз да бар. Бірақ, олар біраз жайдың астарына үңіліп отырған жоқ. Бір АЭС салып, Қазақстан энергиялық тапшылықты толықтай еңсеріп тастамайды. Атом электр стансысымен қатар баламалы энергия өндіруді де басты мақсат етеміз. Былай айтқанда, еліміздің болашағы АЭС-пен қатар жаңартылған энергия көздері симбиозына негізделмек, — деді Ғалиасқар Сарыбаев.
АЭС-тің тиімділігін ядролық ғылым өкілдері, энергетиктер, сарапшылар жиі таразылап, халыққа түсіндіріп жүр. Қазірдің өзінде Қазақстан электр энергиясының тапшылығына тап болуда. Сол тапшылықты көршілес елдерден сатып алып еңсеріп келеміз. Бұл – тәуелділік. Халық санының өсуі электр энергиясына тәуелділікті одан әрі үдете түспек. Сол мақсатта бізге АЭС салу аса қажет.
Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде алдыңғы қатарда. Қолда бар қорды ел игілігіне жұмсау керек. Атом электр стансысын салу біз үшін экономикалық тиімді жоба болып тұр. Жұрт айтқандай, АЭС-тің қоршаған ортаға зияны жоқ. Қауіпсіздік мәселесін біз назардан шығарып отырған жоқпыз. Оның үстіне АЭС пен атом бомбасын тең көруге болмайды.
Comments