Жаңалықтар

СЕРТИФИКАТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ


Атыраулық журналистерге сертификаттар тапсырылды. Бұл семинар — Түркітілдес журналистер қорының “Halyk Bank” серіктестігіндегі «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» жобасы.

Әріптестер жоба шеңберінде жасанды интеллектті іскерлік журналистикада қолдануды үйренді. Атап айтқанда, постер, афиша, инфографика жасау, фотоколлаж, сурет, ашық дереккөздермен жұмыс, аудио монтаж, дыбысты тазалау, видео монтаж, Chat GPT, Gemini т.б. мүмкіндіктері.

Аталған семинарлар тізбегі Атыраумен қатар Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтауда ұйымдастырылады.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар Түркітілдес журналистер қорының “Halyk Bank” АҚ серіктестігінде 2017 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Еркін сөз»-2024 байқауында бақ сынайды. Байқау жеңімпаздары 2024 ж. 11-12 қарашада Алматыда өткізілетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысады.

Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkdilikonuşangazetecilervakfı #turkicspeakingjournalists
#халықбанк# #halykbank #АтырауХалық #HalykAtyrau #Атыраусеминар #фишинг #қаржылықсауат

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkdilikonuşangazetecilervakfı #turkicspeakingjournalists
#халықбанк# #halykbank #АтырауХалық #HalykAtyrau #Атыраусеминар #фишинг #қаржылықсауат

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы: алты елдің арнайы операциялар күштері банда құрамын жойды

Алдыңғы

HALYK BANK-ПЕН ЖАҢА ЖОБА: “ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ”

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *