Жаңалықтар

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуына алты елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысуда

Түркістан облысының «Орда» таулы оқу-жаттығу полигонында Әзербайжан, Қазақстан, Катар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің көпұлтты оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Иордания мен Қырғызстан Қарулы күштерінің өкілдері жаттығуға бақылаушы ретінде шақырылды.

Салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтаған ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Айдос Мырзахметов жаттығудың маңыздылығын атап өтіп, әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындап шығуға тілек білдірді.

– Қорғаныс министрлігінің атынан қонақжай қазақ жеріне қош келдіңіздер деймін. Біздің еліміздің аумағында алты мемлекеттің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен осындай ауқымда оқу-жаттығу алғаш рет өткізіліп отыр. Оқу-жаттығу барысында алынған тәжірибе бөлімшелердің жауынгерлік дағдыларын ғана емес, мемлекеттеріміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін, – деді ол.

«Шексіз бауырластық-III» бірлескен оқу-жаттығуының бірінші кезеңі мамандық бойынша дайындықтан тұрады. Қатысушылар тиісті нұсқаумен танысып, қару-жарақ мамандары мен мергендер өздерінің жауынгерлік тапсырмаларын зерделеуге кірісті. Бағдарламаға сәйкес тактикалық-атыс, парашют және тау дайындығы бойынша сабақтар жүріп жатыр.

Жаттығудың шарықтау шегінде арнайы операциялар іске асырылады. Әскери контингенттерге елді мекенге кірген заңсыз қарулы құралымға тосқауыл қойып, оларды жою міндеті жүктелді.

Оқу-жаттығу тәжірибе алмасуға, басқару органдары мен әскери контингенттердің жедел үйлесімді іс-қимылға көшу деңгейін арттыруға, бөлімшелер жеке құрамының дербес және топтық білімін күшейтуге бағытталған.

Әскери маневрлерге үш жүзге жуық әскери қызметші жұмылдырылып, брондалған техника, армиялық авиация тобы және ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар тартылған.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ 2024 жылдың 01 тамызына зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

Алдыңғы

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: КЕНТАУЛЫҚТАР ТҮРКІСТАНДА БІР ТОННА БАУЫРСАҚ ТАРАТТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *