Жаңалықтар

АЛТЫН КӨПІРДІҢ- АЛТЫН МАҚСАТЫ

Биыл елімізде Азиядағы сауда мен мәдениетті қолдауды үйлестіретін «Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» құрылған болатын.

Басты мақсаты, бизнес пен іскерлік, мәдениет бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардан бастап, жеке ұжымдық бастамаларына дейін осы саланың сұраныстарын жүзеге асыратын платформаға айналып, сонымен қатар Қазақстан мен Азия елдері арасында іскерлік мәмілелерді сүйемелдейтін, кәсіпкерлік байланыстар мен бірлескен мәдени халықаралық жобаларды жүзеге асыратын «Алтын көпірге» айналу. Қауымдастықтың ұйым төралқасының алғашқы отырысында төраға Қанат Бейсек мырза:

— Негізінен алтын көпіріміздің үш бағыты бар !

Бірінші «сауда көпірі» — Қазақстан мен Азия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтатын іскер адамдар көпірі.

Екінші «мәдениет көпірі» мәдени әріптестік, саясаты тұтас Азия елдерінің мәдени-рухани іс-шараларына, бастамаларына арналады.

Үшінші «ақылды көпір» «ChatGPT-4» сияқты жаңа технологияларды, креатив индустрияны, онлайн-бизнес миссияларды Қазақстан мен Азия арасындағы бизнес пен мәдени әріптестіктің игілігіне пайдалануды көздейді, — дегеніндей ағымдағы қыркүйек айының 6-7 күндері «Қорғас» ШЫХО-да ел кәсіпкерлері көршілес Қытай елінің Шаньдун провинциясының өндіруші зауыттарының өнімдері ұсынылған көрмесіне Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығының қолдауымен қатысты.

Көрмеге Жетісу облысынан қатысқан кәсіпкер Айдын Астаубаев:

— Көрмеге ел кәсіпкерлерінің қатысуына мұрындық боп, бәріміздің басымызды қосып, көрші елдің кәсіпкерлерімен іскерлік қарым — қатынас жасасуға себепкер болған елміздің сауда қауымдастығына үлкен рахметімді айтқым келеді десе,

Кәсіпкер Дәрмен Байзаков:

— Ежелгі Жібек жолының байырғы дәстүрімен екі ел кәсіпкерлерін осындай игілікті іс шараларда басын қосып, бір — бірлеріне серіктес болып, өз ара тіл табысса бүгінгі ұйымдастырылған көрме өзің түпкі мақсатына жетті , — деп пікір білдірді..

Қобланды  АБЕНОВ

ТҮРКІСТАН: КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

АТЫРАУ: «ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ & YOUTUBE»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *