БілімЖаңалықтар

АСТАНАДА АУЫЛ МЕКТЕБІ ЖАС МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ АЯҚТАЛДЫ

Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыруымен өткен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жас педагогтердің ІІІ республикалық форумы аяқталды. Биыл еліміздің барлық өңірлеріндегі ауыл мектептерінде қызмет ететін 300-ден астам жас ұстаз танымал алаңда бас қосты.

– Мұғалім – еліміздегі ресми мәртебесі белгіленген жалғыз мамандық, ол мұғалімнің ерекше миссиясын растайды, – деп атап өтті форумның ашылуында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин «Жас ұстазды» NIS-тің үздік дәстүрлерінің бірі деп атауға болатынын атап өтті.

– Балалар жақсы көретін адамдарынан үйренеді. Сыныпқа кірген кезде сіздердің алдарыңызды Қазақстанның болашағы отырғанын ұмытпаңызыдар, – деді ESEN Foundation және ANSA қорлары консорциумының өкілі Камила Башарова.

Мотивациялық көшбасшылар жеңіс пен жетістік құпияларын бөлісті: «Қанаттылар» инклюзивті театрының негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі Арнұр Ысқақов, Шығыс Қазақстан облысы Құлынжон ауылындағы «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің» директоры Аралбек Берікұлы, душанбелік мектептің бас директоры Мехрон Ортиков, «Айчурек» Бішкек кыздар лицейінің директоры Эрлан Сатаров, білім беру сарапшысы Лаура Вайгорова.

Форумда алғаш рет «Әр сабақты қалай ерекше етуге болады: менің тәжірибем», «EDUNEXT: болашақтағы цифрлық білім» шеберлік сағаттарын жас мұғалімдердің өздері өткізді.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен ашық әңгіме үшінші республикалық форумның ең жарқын сәтіне айналды. Еліміздің бас мұғалімінің сөйлеген сөзінің барлығын «Жас ұстаз – 2024» делегаттары түртіп алды.

Ted Talks-те әлеуметтік инноваторлар Ассоциациясының Президенті Эмин Аскеров бар болғаны жарты сағатта мүмкін емес нәрсені жасады – ол әрбір форум делегатын жеңіске жетуге және өз болмысын жақсартуға шабыттандырды. Эмин Аскеровтың бірегейлігі – ол Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті шындыққа айналдырып, ерекше санаттағы – мүгедектер мен қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен бизнес құру өнерін меңгерген.

«Ауыл мектебін дамытудағы mainstream», «Мен эмпат мұғалім: оқу сәтті болғанда», «Жасанды интелеллект: жаңа дәуірге жол ашамыз» шеберлік сағаттары мен тренингтердің символдық атаулары да тек алға ұмтылған, өр талапты мұғалімдердің керемет ынтасын байқатады. Олардың әрқайсысы ұстаздық мансабының басынан бастап табысқа жетуге ынталы.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы баспасөз қызметі

В Астане завершился форум молодых педагогов сельских школ

В Астане завершился ІІІ республиканский форум молодых педагогов «Жас ұстаз: табысқа апарар жол», организованный Центром педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы». В этом году на востребованной площадке встретились более 300 молодых учителей, которые работают в сельских школах всех регионов страны.

– Педагог – это единственная профессия в стране, для которой определен официальный статус, что подтверждает особую миссию учителя, – отметила на открытии форума Первый вице-министр просвещения Наталья Жумадильдаева.

Председатель правления АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Ануар Жангозин подчеркнул, что «Жас ұстаз» можно назвать стал одной из самых лучших традиций NIS.

– Дети учатся у того, кого любят. Когда вы входите в класс, помните, что перед вами будущее Казахстана, – рассказала представитель консорциума фондов ESEN Foundation и ANSA Камила Башарова.

Из первых уст честные истории успеха представили мотивационные лидеры – художественный руководитель инклюзивного театра «Қанаттылар» Арнур Искаков, директор образовательного комплекса «Школа – ясли – сад» села Кулынжон Восточно-Казахстанской области Аралбек Берикулы, генеральный директор Душанбинской школы «Навовар» Мехрон Ортиков, директор Бишкекского лицея «Айчурек» Эрлан Сатаров, образовательный эксперт Лаура Вайгорова.

Впервые все мастер-классы «Как сделать каждый урок особенным», «EDUNEXT: цифровое образование будущего» провели сами участники форума, в котором представили личный опыт.

И вновь на «Жас ұстаз» Министра просвещения Гани Бейсембаева разнесли на цитаты. Вдохновение от министра особой энергетики, и под личным убеждением Гани Бейсембаева готовы подписаться все делегаты престижного форума.

На Ted Talks Президент Ассоциации социальных инноваторов Эмин Аскеров за полчаса сделал невозможное – вдохновил на победы каждого делегата форума.

Уникальность Эмина Аскерова в том, что он сделал реальностью в Казахстане социальное предпринимательство и освоил искусство строить бизнес с особой категорией – людьми с ограниченными возможностями и людьми, оказавшимися в сложных жизненных обстоятельствах.

«Mainstream сельской школы», «Эмпатичный учитель: когда учеба в радость», «Искусственный интеллект: прокладываем путь к новой эпохе» – даже символичные названия мастер-классов и тренингов подчеркивают невероятную мотивацию и взрывной драйв амбициозных учителей, уже в самом начале педагогической карьеры настроенных только на успех.

Пресс-служба Центра педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

 

 

 

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА «ТАЗА АУЫЛ» ЭКОАКЦИЯСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *