Жаңалықтар

«10 тамыз — Абай күні»

Кеше Шымкент қаласындағы Абай саябағында Абай атындағы орталық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «10 тамыз — Абай күні» тақырыбы аясында «Абай әлемі» атты байқау өтті. Онда іс-шараға жиналған зиялы қауым өкілдері ұлы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мұнда көрермендер кітапхана қызметкерлері мен Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған «Абай — адамзаттың мəңгілік рухы» мен «Абай тағылымы — мəңгілік азық» тақырыбындағы кітап көрмелерін тамашалады. Бұл күні өнерсүйер қауым нағыз өнермен сусындады: байқауға қатысушылар ақынның өлеңдері мен əндерін тыңдады.

Жалпы, бұл байқауға қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Биыл барлығы 224 үміткер қатысып, оның 30-ы ақтық сында өнер көрсетті.

Негізі бұл байқау жастардың өнерге деген құштарлығын арттырды. Абай аталарының өнерімен сусындап, оны бойларына сіңіруге атсалысты.

Бас жүлде 

1. 18 жасқа дейінгі – Керімбай Анеля Тұрарқызы Планшет

2. 18 жастан жоғары – Исабек Әзімхан Үсенұлы «Apple ІPhone» ұялы телефоны

І орын

1. 18 жасқа дейінгі – Мақсатұлы Бек-Мұхаммед ( Смарт сағат)

2. 18 жастан жоғары – Даулет Сұлтанғали Ерғазыұлы (Смарт сағат)

ІІ орын 

1.18 жасқа дейінгі — Амирбек Еркежан Бердібекқызы (Фотокамера)

2.18 жасқа дейінгі — Сұлтанбекұлы Абдулла (Фотокамера )

3 . 18 жастан жоғары — Сұлтанбекұлы Байғали (Фотокамера)

4. 18 жастан жоғары — Серікқызы Ботакөз (Фотокамера)

ІІІ орын

1. 18 жасқа дейінгі — Шәріпбек Бексұлтан Қайратұлы (Ақылды колонка)

2. 18 жасқа дейінгі — Барат Асема Оразбайқызы (Ақылды колонка)

3. 18 жасқа дейінгі — Әділ Жаннұр Сүндетұлы (Ақылды колонка)

4. 18 жастан жоғары — Құрбанәлі Айжан Аймаханқызы (Ақылды колонка)

5. 18 жастан жоғары — Исраилова Патимат Хамзатқызы (Ақылды колонка)

6. 18 жастан жоғары — Смағұл Жасұлан Радикұлы (Ақылды колонка)

Байқап отырған боларсыздар, байқауға қатысқандардың ешқайсысы бос кеткен жоқ. «Тойдан — тобықтай» демекші, бәрі де көрсеткен өнерлеріне қарай үлестерін алып қайтты.

Осындай жастарды өнерге баулуға, қазақтың біртуар ұлын тануға арналған іс-шаралар көбейе бергей! Бұл қазақ халқының болашағы жарқын боларына қосылған үлестің бірі.

Базаркүл ҚАЛБЫР

Помогали предпринимателей

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНА АТСАЛЫСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *