ЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

С.СЕЙФУЛЛИННІҢ ЖАНАШЫРЫ — АСЫЛГҮЛ ӘБІШ

Асылгүл Рахымжанқызы Әбіш – Сәкен десе ішер асын, жерге қоярға әзір тұратын, көзі ашық, көкірегі ояу, бүгінгі еліміздегі мемлекеттік бағдарламаларды қолдап, жастарға жанашыр, тіреу болып жүрген мықты азамат.

Қазақта «Жігіттің жақсысы нағашысынан» деген аталы сөз бар. Сәкен Сейфуллиннің анасы Жамал апа кейіпкеріміз Асылгүл Әбіштің апасы. Жамал анамыздың туған інісі Әбіш ақсақал Асылгүл апайымыздың туған атасы.

Сұлу Сәкеннің келбеті осы Әбіш атаға ұқсаған екен. Әбіш ата да көрсе көз тоймайтын түр-тұлғасы келіскен келбетті адам болған деседі. Әбіш ақсақал елге беделді әрі сыйлы азамат болыпты.

«Жамал анамыздың тәлім-тәрбиесінде өскен Сәкен Сейфуллин тұлғасы биік азамат болып қалыптасты», – деп ой түйеді кейіпкеріміз Асылгүл Әбіш бір сұқбатында.

Жамал анамыздың тектілігі мен тәлімі туралы айтар сөз аз емес. Бір өкініштісі тар заманда Жамал анамыздың бірде-бір суреті сақталмай қалған. «Бұл туралы 1988 жылы Сәкен Сейфуллин музейі ашылар кезде білдік» — дейді С.Сейфуллин музейінің жанашыры Асылгүл Әбіш. Ұйымдастырушылар Жамал апамыздың суретін таба алмай қатты қиналған. Сөйтіп Сәкеннің нағашыларын іздей бастайды. Іздестіру жұмыстары барысында Алматыда тұратын Асылгүл Рахымжанқызын тауып, Жамал анамыздың қазіргі картинасын сызып шыққан екен.

Өздеріңіз көріп тұрғандай Жамал анамыздың Сәкенді бауырына басқан картинасы музейіміздің төрінде ілініп тұр.

#музей #mýzei #АсылгүлӘбіш #НұрСұлтанқаласы #Жамалапа #СәкенСейфуллинмузейі #музей #mýzei #АсылгүлӘбіш #НұрСұлтанқаласы #Жамалапа #СәкенСейфуллинмузейі #музей #mýzei #АсылгүлӘбіш #НұрСұлтанқаласы #Жамалапа #СәкенСейфуллинмузейі

Перспективы сотрудничества обсудили на женском форуме в Таджикистане

Алдыңғы

ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ КОНДИТЕРІ…

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *