Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Ернар Бектаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте «12 тамыз — Халықаралық жастар күніне» орай ұйымдастырылатын апталықтың бағдарламасымен таныстырды.

Апталық аясында Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалаларда «Таза Қазақстан» экоакциясы, «Бар мейірімділік балаларға» атты аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған экскурсия, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «Спорт біздің серігіміз» атты кіші футболдан жарыстар, жастардың кешкі уақытын қызықты өткізу мақсатында кино көрсетілім, «Жастармен BIRGE» атты мерекелік кеш секілді кең ауқымды іс-шаралар жоспарланған.

Сондай-ақ, мекеме басшысы жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың I жартыжылдығында атқарылған істер туралы баяндады.

«Биыл Түркістан облысында жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 6 айда 11 058 жас жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бағытында 2024 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 1 043 іс-шара өткізілді»-деп баяндады спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР КӨЛЕМІ 304 МЫҢ ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН ТҰТЫНУ КӨЛЕМІ АРТҚАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *